View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

АИТВ-инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеріп-қарау үшін қан алу денсаулық сақтау ұйымдарында жеке басын куәландыратын құжатты пайдалана отырып жүргізіледі.
Қанды шынтақ венасынан таза құрғақ түтікке 3-5 мл мөлшерінде алады.

Адам ағзасында АИТВ-инфекциясының бар-жоғын білудің бір ғана жолы бар: АИТВ-ға тест тапсыру.
Бұл зерттеу қандай жағдайларда қажет?
АИТВ инфекциясына міндетті қан тапсыруға Медициналық көрсеткіштер.
Бұл санатқа медицина қызметкерлері, жыныстық жолмен берілетін аурулармен ауыратын адамдар және т.б.
Егер сізде кейбір белгілер болса. Терлеудің жоғарылауы дене салмағының кенеттен төмендеуі, жиі диарея, лимфа түйіндерінің ұлғаюы және ұзақ уақыт бойы дене температурасының мерзімді жоғарылауы сияқты белгілер байқалса


АИТВ тестінің нәтижелері теріс немесе оң болғанына қарамастан, құпия болып табылады
Иммундық тапшылық вирусы бар адамның өмірін ұзарту және оның сапасын жақсарту үшін ауруды ерте кезеңде анықтап, дер кезінде шаралар қабылдау қажет. Ол үшін АИТВ-ға қан анализін тапсыру керек.
№5 қалалық емханада сағат 8:00 мен 17:00 аралығында ВИЧ кабинеті тұрақты түрде жұмыс жасайды. Қабылдауды емшара мейіргері Жаныс Кымбат жүргізеді