МАСКҮНЕМДІК

There is no translation available.

МАСКҮНЕМДІК

Маскүнемдік- жүйелі түрде спиртті сусындарды қабылдаумен шақырылатын алкогольге патологиялық құмарлықтың пайда болуымен , психикалық ,физикалық бұзылыстармен сипатталатын созылмалы психикалық ауру.

Жедел алкогольдік масаю

Қайтымды патологиялық реакциялармен (психикалық, неврологиялық, соматовегетативті) сипатталалатын жалпытоксикалық әсерімен көрінетін (эйфория, седация, релаксация) спиртті сусындарды қабылдау салдары болып табылады.

Масаюдың 3 дәрежесін ажыратады:

Қарапайым алкогольды мастану .

-жеңіл
-орташа
-ауыр дәрежелерін ажыратады.
Алкогольдің қандағы мөлшеріне қарай мастанудың мынадай деңгейлері ажыратылады:
-1-2% жеңіл
-3-4% орташа,
-5-6%-ға дейін- ауыр,
-7%-ден асса - өлімге алып келетін мөлшер.

Масаюдың жеңіл дәрежесі: Жылу сезімімен, тері жабындысының гиперемиясымен, пульс жиілеуімен, тәбеттің күшеюімен бірге жүреді. Көңіл-күй көтеріліп, сергектік сезімі баурайды. Сөзшеңдік , дауыстап сөйлеу, қимылдары екпінді және сермемелі. Зейіні жылдам ауыспалы, ой жылдамдаған, ретсіз. Қозғалыс координациясы бұзылған. Мастанудан кейін ауыр психикалық және физикалық жағымсыз сезімдер болмайды. Мастану кезеңі есте сақталады.

Көңіл-күйдің көтерілуі, өзіне деген сенімділіктің артуы, белсенділіктің артуы, көңілділік. Бұл симптомдар жағымды физикалық сезімдермен жүреді: денеде жылу сезу, релаксация, сонымен қатар вегетативті-тамрылық бет гиперемиясы, склера инъекциясы. Одан кейін біртіндеп шаршағыштық артады, ойлаудың баяулауы, ойдың шашыраңқылығы. Эйфориямен қатар агрессия да болуы мүмкін. Қандағы алкоголь мөлшері 50-150 ммоль/л.
Негізгі емі витаминотерапия, дәрідәрмектер (инсулин, атропин, аминазин,
т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру
адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс
жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар
жасаудың айрықша маңызы бар.