View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Артериалдық гипертензи́я (АГ) немесе гипертония, гипертониялық ауру, жоғарғы қан қысымы
Жоғарғы қан қысым біріншілік және екіншілік болып бөлінеді. Жоғарғы қан қысымының 90-95%-ын біріншілік (эссенциалдық) гипертензия (гипертониялық ауру) құрайды. Ол айрықша өмір салтымен және генетикалық факторлармен сипатталады. Ауыру қауіпін жоғарылататын факторларға тағамда тұзды шамадан тыс пайдалану, семіздік, темекі тарту және ішімдік ішу жатады. Қалған жағдайларда екіншілік, симптоматикалық артериалдық гипертензияны диагностикалайды: бүйрек (нефрогенді) — 3—4 %, эндокринді — 0,1—0,3 %, гемодинамикалық, неврологиялық, стрестік, ятрогендік (кейбір заттарды қабылдаудан кейін пайда болатын) және жүктілік кезіндегі АГ. Бұл кездерде артериялық қан қысымының көтерілуі негізгі ауру симптомдарының бірі болып табылады.

Қан қысымы екі өлшем бойынша сипатталады — систолалық және диастолалық қысым, яғни максималды және минималды қысым. Ересектердің көбінде тыныштық жағдайында қалыпты қан қысымы: систолалық 100—130 мм с. б., диастолалық 60—80 мм с.б. арасында болады. Ересек адамдарда тыныштық жағдайында қан қысымы 140/90-ға тең немесе жоғары болса, артериялық гипертензия болып саналады. Балаларда басқа өлшемдер қолданылады[13]. АҚ-на амбулаториялық жағдайда (офистен тыс, АҚТМ не АҚҮМ) 24 сағат бойы мониторинг жасау, офистік өлшемге қарағанда дәлірек болып табылады.
Жүктілік

Гипертония жүктіліктің шамамен 8-10% кездеседі.Артериялық қысымның екі көрсеткіші 140/90 мм Hg-ден алты сағат аралықпен жоғары гестациялық гипертензияның диагностикасы болып табылады. Жүктілік кезіндегі жоғары қан қысымы прегипертензия, гестациялық гипертензия немесе преэклампсия ретінде жіктелуі мүмкін. Преэклампсия – жүктіліктің екінші жартысында және босанғаннан кейінгі кезеңде қан қысымының жоғарылауымен және несепте ақуыздың болуымен сипатталатын ауыр жағдай. Ол жүктіліктің шамамен 5%-ында кездеседі және дүние жүзінде ана өлімінің шамамен 16%-ына жауап береді. Преэклампсия әдетте симптомсыз және әдеттегі скрининг арқылы анықталады. Преэклампсия белгілеріне бас ауруы, бұлыңғыр көру (жиі жыпылықтайтын «шамдар»), құсу, асқазанның ауыруы және ісіну жатады. Преэклампсия кейде өмірге қауіп төндіретін эклампсия деп аталатын жағдайға ауысуы мүмкін, бұл көру қабілетінің жоғалуы, мидың ісінуі, құрысулар, бүйрек жеткіліксіздігі, өкпе ісінуі және таралған тамырішілік коагуляция (қан ұюының бұзылуы) сияқты бірқатар ауыр асқынулары бар төтенше гипертензия. Айта кету керек, гестациялық гипертензия жүктілік кезінде несепте ақуызсыз жаңадан пайда болған гипертония ретінде анықталады.