View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы салдарынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуын — инфаркт деп атайды. Инфаркт көп жағдайда қан тамырларының қабырғаларындағы, соның ішінде жүректі орап жататын вена артерияларындағы өзгерістерден пайда болады. Вена артерияларының тарамдары бірте-бірте тарылып, соның салдарынан жүректің бұлшық етіне (миокард) қан аз барады. Бұл кезде жүрек өзінің ауырғанын білдіреді, жүректің мұндай ауруын стенокардия деп атайды. Осылайша жүректің ауруы көбейіп, дәрі көмектеспейтін жағдайға жетеді. Мұның ақыры вена артериясы тарамдарының бітелуіне әкеледі. Бұл кезде науқас адамның жүрегі қатты қысып ауырып, шыдай алмайды, оның денесін суық тер басып, боп-боз болып кетеді. Дем алуы қиындап, жүрек өзінің қызметін атқара алмай, оның жұмысының қалыпты ритмі бұзылады. Бұл миокард инфарктісінің алғашқы белгілері болып саналады. Мұндай ауыр жағдай науқас адам үшін өте қауіпті деп есептелінеді.