ДЕНСАУЛЫҚ ЗОР БАЙЛЫҚ

There is no translation available.

Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші! Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы.
БҰҰ-ның «тұрақты даму мақсаттары»концепциясының 3 мақсатында денсаулықты күту керектігі айтылады.Демек,барша адамзаттың денінің саулығы басты байлығы. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жарғысында «Денсаулық — физикалық ақаудың, аурудың болмауы ғана емес, адамның физикалық, психикалық, рухани және әлеуметтік тұрғыдағы толыққанды белсенділігі» ретінде түсіндіріледі. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін тағы бір фактор – жаман әдеттер: темекі тарту, спиртті ішімдіктер пайдалану. Осының бәрі де өмірімізді едәуір қысқартады. Қысқартып қана қоймай, өміріміздің сапалы өтуіне де кері әсерін тигізеді. Аталған әдеттер тек сол адамның өзіне ғана емес, айналадағылардың бәріне өз зиянын тигізеді.
Өмір – қозғалыс. Денсаулықтың да дұрыс болуы үшін белсенді өмірдің маңызы зор. Спорт – денсаулық кепілі. Спорт деген тек спортшылардың ғана емес, күллі адамзаттың өмірінде орын алуы шарт. Денсаулық — адам өмірінің тірегі. Онсыз емін-еркін өмір сүре алмайсың.
Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық.

 

 

WhatsApp Image 2024-08-22 at 12.30.33.jpeg