View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Инсульттің алдын алу Ми инсультінің даму себептерін білмей жатып оның алдын алудың тиімді жолдарын қарастыру мүмкін емес. Пайда болу себептеріне байланысты ол екіге бөлінеді: ишемиялық инсульт немесе ми инфаркты және геморрагиялық инсульт немесе миға қан құйылу. Мидың белгілі бір бөлігін қоректендіру үшін жеткізілетін қан айналымы тоқтаған кезде ми инфаркты пайда болады. Ми инфарктының туындауына себепкер болуы мүмкін: атеросклеротикалық түйіннің өсуі; кенеттен туындаған жүрек соғуының ырғақсыздығы кезінде жүрек клапандарынан мидың қан тамырларына түсетін тромбтың үзілуі; қан қысымның төмендеуі немесе жүрекпен айдалатын қан мөлшерінің азаюы; қан тұтқырлығының артуы. Инсульттің алдын алу кімдер үшін маңызды 50 жастан асқан әйелдер, 45 жастан асқан ерлер; гипертония (жоғары қан қысымы); жүрек жеткіліксіздігі; жүрек аурулары (жүрек соғуының ырғақсыздығы); қан тромбтарының түзілуімен жүретін аурулар; қант диабеті; шылымқұмарлар. Инсульттің алдын алу шаралары Емделушілерге арналған "инсульттің алдын алу бойынша жадынама" жасалды. Ол 7 тармақты қамтиды. 1-тармақ. Қан қысымын бақылау Миға қан құйылу жағдайының 99% - на гипертония себепкер. Сондықтан қан қысымының деңгейін бақылауда ұстау қажет. Оның қалыпты деңгейлері: систолалық ("жоғарғы") – 140 мм. сын. бағ. жоғары емес, ("төменгі") – 90 мм. сын. бағ. жоғары емес. 2-тармақ. Жүректің соғуының ырғақсыздығымен күрес Жүрек соғуының ырғақсыздығын байқаған пациенттер міндетті түрде жарты жылда бір рет ЭКГ-дан (электрокардиографиядан) өтуі тиіс. Жүрек ырғағының бұзылуы анықталған кезде инсульттің алдын алу үшін тағайындалған аритмияға қарсы дәрілерді қабылдау қажет. 3-тармақ. Зиянды әдеттерден бас тартыңыз Зиянды әдеті жоқ адамдармен салыстырғанда шылымқұмарларда инсульт екі есе жиі туындайды. 4-тармақ. Холестеринге жоқ деңіз Инсульт дамуының алдын алғысы келетіндерге арналған мәзірде: қайнатылған және бұқтырылған ет өнімдері, көкөністер, майсыздандырылған ашытылған сүт өнімдері, майсыз ет, балық, зәйтүн майы болуы тиіс. Күнделікті дене жаттығуларын жасау маңызды. Көптеген пациенттер үшін күніне 30 - 60 минуттай таза ауада серуендеу қолайлы болып табылады. 5-тармақ. Назар аударыңыз, диабет! Жарты жылда бір рет қандағы глюкозасының деңгейін тексеріп тұру қажет. 6-тармақ. Тромб түзілуіне жол бермеу Инсульт пен инфаркттың алдын алуға арналған дәрі-дәрмектерді қабылдау қажет. Олар микротромбтардың түзілуіне жол бермейді. 7 - тармақ. Уақытты өткізіп алмау Аурудың төменде тізілген белгілері байқалса, тез арада жедел жәрдем шақыру қажет: аяқ астынан әлсіреп қалу, бастың айналуы; қолдардың, аяқтардың немесе беттің бір жағының ұйып қалуы; сөйлеу қабілетінің бұзылуы; кенеттен көру қабілетінің нашарлауы; жедел дамитын өткір бас ауруы.