View settings

Font size:
Site colours
Images

Settings

There is no translation available.

Күзде және қыста тұмау мен өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталатыны белгілі.  Оның алдын алып, сақтана білген жөн. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар тобына кіретін вирус арқылы туатын жіті ауру. Кез келген жастағы адам сырқаттануы мүмкін бұл вирустық ауру адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Тұмауратқан адамдардың саны артқан сайын, тұмаудың асқынуы да өршиді, бұл – заңдылық. Тұмауды Сізбен тығыз қарым-қатынастағы науқас адамнан жұқтырып алуға болады. Қоздырғыштар науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде және қақырық, сондай-ақ науқас адам пайдаланған заттар, т.б. арқылы таралады. Тұмаудың жеңіл түрімен ауыру ұзақтығы – бір апта. Дене қызуының 39° С-қа дейін көтерілуі, қалтырау, әлсіздік, көз қарығу, буынның және бұлшық еттің, бастың және тамақтың ауруы, жөтелу, мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады. Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде қалып, дәрігер шақыртыңыз. Тұмаудың асқынуларына құлақ, тамақ, мұрын аурулары, жүйке жүйесіне байланысты асқынулар, сондай-ақ, созылмалы аурулардың өршуі жатады. Жүкті әйелдердің тұмаумен ауруы өте қауіпті – түсік тастауына немесе мерзімінен бұрын босанып қалуына ұшыратады. Балалар мен жүкті әйелдерді емдеу тек дәрігердің тағайындауы бойынша және дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Індет кезіндегі профилактикалық шаралар: әрбір 2 сағат сайын мұрын шырышты қабаттарын оксолин мазімен майлап отырыңыз. бөлмелерді жиі желдетіп отырыңыз. жеке бас гигиенасын сақтау, қолды жиі және мұқият жуған абзал. қатты тоңбау, ауа райына байланысты киім кию керек; пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш және де С витаминіне бай (орамжапырақ, қара қарақат, бүлдірген, лимон, апельсин, итмұрын, болгар бұрышы) тағам өнімдерін тұтыныңыз. Тұмаудың немесе оның ауыр зардаптарының алдын алудың ең тиімді жолы вакцинация болып табылады.