Тұмауды алдын алудың 3 түрі бары белгілі:
Екпелік алдын алу;
Дәрімен алдын алу (вирусқа қарсы дәрілер);
Жеке және қоғамдық гигиена (ақпараттандыру жолымен) ережесін қадағалау.
Екпелік алдын алу – тұмауды бақылаудың басты амалы.
Екпе - кез келген тұмау эпидемиясы кезінде ең сенімді қорғаныс болып табылады. Екпе нәтижесінде пайда болған иммунитет аурудан сенімді қорғайды. Көптеген маңызды инфекция, атап айтқанда полиомиелит, дифтерия, қызылша жаппай екпе нәтижесінде толық жойылады. Маусымдық тұмауға қарсы жыл сайынғы екпе барлық жастағы топтарда ауру мен өлім-жітімді барынша азайтады. Осы мақсаттар А/Н1N1/2009 тұмау індеті даму кезеңінде қазір де көзделген.
Екпе мақсаты – инфекция ретінде тұмауды толық жою емес, тұмаудан өлім-жітімді және ауруларды, әсіресе оның асқынуларын, жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынуын азайту. ДСҰ жыл сайын қатерлі топтарға тұмауға қарсы егуді ұсында: 65 жастан жоғары (созылмалы патология болған жағдайда –кез келген жаста), 6 айдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар, медицина қызметкерлері және басқа да көптеген өндірістік байланыстағы адамдар.
Қауіп-қатердің ерекше тобы, яғни бөлек қарастыратындарды жүкті әйелдер, әсіресе екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдер құрайды. Қазіргі замандағы жағдаятқа жасалған – дені сау жүкті әйелдердің көп бөлігі тұмау қатты ауырғандар және қатты асқынулар бойынша емдеуге жатқызуға мұқтаж.
Қазіргі таңда тіркелген жүкті әйелдер арасында А/Н1N1/2009 тұмаудан болған аурудың өліммен аяқталған жағдайы шамамен 5% расталды. Және де негізгі тұрғындардың ішінен жүкті әйелдер шамамен 1 пайызын құрайды. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Денсаулық сақтау министрлігі барлық жүкті әйелдерге екпе егуді, соның ішінде маусымдық тұмауға қарсы белсенділігі жойылған екпе егуді ұсынады.
Негізгі тұжырымдар:
Тұмауға қарсы вакцина қауіпсіз;
Екпе жасау егде адамдар мен қатерлі топтар арасында ауруларды, емдеуге жатқызу және өлім-жітімнің болу қауібін азайтады;
Тұмауға қарсы екпе дені сау жастар, балалар мен ұйымдастырылған ұжымдар арасында ауру және асқыну қауібін азайтады;
Егде адамдар мен қатерлі топтарға екпе міндетті түрде ұсынылады.