– азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, жоспарлы емдеуге жатқызу қолжетімдігі мен айқындығын қамтамасыз ету болып табылады.
Емдеуге жатқызу бюросының порталы – пациент емдеуге жатқызуды жүзеге асырудың алдын ала мерзімдері туралы ақпарат алуға болатын интернет - ресурс. Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызуға арналған коды бар жолдаманы алған болса, онда ол өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парақтарын қарай алады.
Стационарға жоспарлы түрде жатқызу тәртібі
Жоспарлы емдеуге жатқызу – көрсетілімдер (анықталған жағдайда) болған жағдайда, созылмалы аурулар және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін өмірге қауіпсіз жағдайларда дәрігердің пациентті емдеуге жолдауы. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу порталы арқылы бірнеше күн ішінде науқастың медициналық ұйымды таңдауына байланысты іске асырылады.Бекітілген мекенжайы бойынша дәрігерге жүгіну. Көрсетілімдер болған жағдайда емхананың емдеуші дәрігері оны қарап, ауруды диагностикалау үшін қажетті зерттеулердің толық көлемін тағайындайды.
Емхана жағдайында ең төменгі көлемдегі (қажеттілері) зерттеулерден өту.
Емдеуші дәрігер стационар бөлімшесінің меңгерушісімен бірігіп емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылдайды. Жоспарлы түрде емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдер анықталған жағдайда, пациент медициналық ұйымды таңдауы және өз таңдауын хабарлауы тиіс. Емдеуге жатқызу қажеттілігі туралы шешім қабылданған жағдайда, дәрігер Емдеуге жатқызу бюросының порталында пациенттің деректерін тіркей отырып, жолдаманы ресімдейді. (Денсаулық сақтау ұйымын таңдау бойынша пациенттің тілектерін ескере отырып міндетті түрде).
Стационарды еркін таңдау бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу үш механизм бойынша жүзеге асырылады:
Стационар маманының жоспарлы емдеуге жатқызу күнін белгілеуі (пациентке емдеуге жатқызуға жолдама стационар күнін белгілегеннен кейін 2 күн ішінде беріледі).
Пациенттердің өз бетінше жүгінуі және стационар басшысының пациентті осы стационарға жатқызу туралы шешім қабылдауы кезінде стационардың қабылдау бөлімшесі маманының жоспарлы емдеуге жатқызу күнін анықтауы (халықтың әлеуметтік қорғалмаған санаттары үшін).
Жоспарлы емдеуге жатқызу күнін автоматты түрде белгілеу (пациентке тіркелген күні емдеуге жатқызуға жолдама беріледі).
Деректер қатаң құпияда сақталуы тиіс. Жеке куәлік.
Барлық талдаулар мен диагностикалақ зерттеулердің қорытындылары.
Жоспарлы емдеуге жатқызуға бағыттаған медициналық ұйымның емдеуге жатқызу жолдамасы.
http://gp5-taraz.kz/en/about/allnews/1819-emdeuge-zhat-yzu-byurosyny-negizgi-ma-saty?template=SSMP#sigProIdb2cc5f1d13