Этикалық кодекс – емхананың барлық қызметкерлеріне қатысты ұжымда белгіленген тәртіптер кешені. Этикалық кодекс ұйымдағы тұлғааралық қарым-қатынастарды реттейді және адамдардың бірлескен қызметіне моральдық мән береді. Қоғамда ұйымға немесе кәсіпке оң көзқарас қалыптастыру этикалық кодексті құрудың басты міндеті болып табылады. Әріптестерге немесе/және клиенттерге қарым-қатынас бойынша «дұрыс» мінез-құлық шеңберінде ұжымдағы әрбір қызметкерге көмек көрсету осындай құжаттың тағы бір маңызды міндеті болып табылады.
I. Жалпы ережелер
II. Медициналық жұмысшы және қоғам, пациент
III. Медициналық этика
V. Дәрігерлік құпия
I. Жалпы ережелер
1. Медициналық жұмысшысы этикасының Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) лауазымдық міндеттерді атқару барысында медициналық жұмысшыларға жетекшілік етуге ұсынылған тәртіп ережесі мен этикалық нормаларының жинағы болып табылады.
2. Кодекс ережесі №5 Қалалық емхананың барлық медициналық жұмысшыларына таралады.
Кодекстің қолданылуы
- 1.Кодекстің ережелерін денсаулық сақтау саласындағы емдеу-профилактика және ғылыми қызметтерге тікелей қатысы бар дәрігерлер, әкімшілік персонал және ғылыми қызметкер орындауы тиіс.
Кодекстің ережелерін бұзған жағдайда осы мекеме мен ұйымның этикалық комиссиясы немесе комитеттері тарапынан шаралар қолданылатын болады. Дәрігерді немесе ғылыми қызметкерді өзі мүше болып табылатын кәсіптік қауымдастықтан шығару кәсіби және жалпы адамгершілік моральдық-этикалық қағидаттардың бұзылуы қоғамдық айыптаудың ең ақырғы түрі болады.
- 2.№5 ҚЕ жанында құрылған этикалық комиссия, егер, дәрігердің іс-әрекеті этикалық кодекске сай болса, оның келісімімен қажет болса, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық өмірде және сотта дәрігердің ар-намысын және абыройын қорғауға құқылы.
II. Медициналық қызметкер және қоғам
3. Медициналық жұмысшының кәсіби қызметінің негізгі мақсаты – адам өмірін сақтау, аурудың алдын алу және денсаулықты қалыптастыру, және де жазылмайтын дерттен азап шегудің азаюы. Медициналық жұмысшы Гиппократ антына, адамгершілік қағидаттарын және қайырымдылықты, Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алып өз міндеттерін атқарады.
4. Медициналық жұмысшы жүйелі түрде кәсіби жетілдіруге міндетті болатын ол өз шешімдері мен әрекеттеріне толық жауапкершілікті алып жүреді
5. Өз қызметінде медициналық жұмысшы оған белгілі және қолдануға рұқсат етілген медициналық ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалануға тиісті.
6. Материалдық, жеке пайда алу себептері медициналық жұмысшының кәсіби шешімін қабылдауға ықпал етуге тиісті емес.
5. Өз қызметінде медициналық жұмысшы оған белгілі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қолдануға рұқсат етілген медициналық ғылымның соңғы жетістіктерін пайдалануға тиісті.
6. Медицина жұмысшысының кәсіби шешім қабылдауына метариалдық, жеке пайда табу уәждері әсер етпеуі қажет. Дәрігер ешбір жағдайда кәсіби тәуелсіздігінен айырылмауы тиіс. Материалдық, жеке пайда алу себептері, мапсапқорлығы, жеке амбицияларын қанағаттандыру медициналық жұмысшының кәсіби шешімін қабылдауға ықпал етуге тиісті емес.
7. Дәрі-дәрмекті тағайындау барысында медициналық жұмысшы медициналық көрсеткіштер мен науқастың айрықша мүддесін қатал басшылыққа алуы тиісті.
8. Медициналық жұмысшы медициналық көмекке зар болғанның жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына, саясаттық көзқарасына, азаматтығына және материалдық жағдайын қоса, өзге де медициналық емес факторларына қарамастан медициналық көмек көрсетуі тиісті.
9. Медициналық жұмысшы өзі жұмыс істейтін мекемедегі өзіне қатысты міндеттерді адал атқаруы тиісті. Дәрігер науқастармен және әріптестерімен адал қарым-қатынаста, басқа дәрігерлердің кәсіби қателіктеріне қатысты өз ұстанымына берік болуы қажет, өз қателіктерін мойындауға, сонымен қатар алдау мен алаяқтыққа жол бермеуге міндетті. Мемлекеттік емдеу-профилактика мекемелерінде дәрігер пациенттерге медициналық көмекті ТМККК асында тегін көрсетеді. Дәрігердің пациенттер немесе оның туыстарынан заңнамада және нормативтік актілерде көзделмеген, кез келген сыйақыларды бопсалауы қылмыстық және адамгершілікке жат қылық болып табылады.
10. Дәрігер қолжетімді құралдармен (газет, журнал, радио, теледидар, сұхбат және т.б.) салауатты өмір сүруді насихаттауға, қоғамдық және кәсіби этикалық нормаларды сақтауда лайықты еліктеу үлгісі болуға міндетті.
Қарым-қатынас және мінез-құлық нормалары.
1. Дәрігер, медбике, мейірбике немесе медициналық практикадан өтіп жатқан студент сияқты барлық медицина жұмысшыларынан сезімталдық, жауаптылық, мейірімділік, мейірімділік, қамқорлық, көңіл бөлу және т.б. адами қасиеттер талап етіледі. Осы аталған қасиеттер білімнің жеткілікті болуымен, жоғары кәсіпқойлықпен, саланың ерекшеліктерін жетік білумен негізделуі міндетті.
2. Этикалық ережелер мен нормалар жиыны медицина жұмысшысының нақты сырт келбетіне қойылатын талаптармен байланысты. Медициналық киім мұнтаздай таза және үтіктелген болуы тиіс, басына шаштарын жасыратын арнайы қалпақ киіп, қолы мен тырнақтарына күтім жасалған болуы қажет. Косметикалық парфюмерлік құралдарды барынша аздап, ұқыппен пайдалданған жөн.
91-бап. Пациенттердің күтімі
1. Пациент Кодекстің 88-бабында көрсетілген құқықтардан өзге келесі құқықтарға ие бола алады:
1) диагностика, емдеу және күтім жасау барысында өзінің мәдени және тұлғалық құндылықтарына қатысты лайықты қарым-қатынасқа;
2) тек медициналық коитерийлер негізінде анықталатын кезектілік бойынша қандай да бір кемсітушілік факторлардың әсерінсіз медициналық көмекке;
3) дәрігерді немесе медицина ұйымын таңдауға, ауыстыруға;
4) отбасы, туыстары мен достары, сондай-ақ діни бірлестіктер тарапынан қолдауға;
5) медициналық технологиялардың деңгейі мүмкіндік беретін шамада қиналуын жеңілдетуге;
6) өзінің денсаулық жағдайы туралы тәуелсіз пікір алуға және консилиум өткізуге;
7) Қазақстан Республикасының заңында көзделген өзге де құқықтарға.
2. Пациент өзінің құқықтары мен міндеттері, көрсетілетін қызметтері, ақылы қызметтердің құны, сонымен қатар оларды ұсыну тәртібі туралы ақпарат алуға құқылы.
Пациенттердің құқықтары туралы ақпарат медицина ұйымының көрнекілік-насихат орындарында орналастырылуы тиіс.
Медицина ұйымына түскен кезде пациентке медициналық қызметтерді көрсететін тұлғалардың аты-жөндері м ен олардың кәсіби мәртебелері туралы, сонымен қатар, медицина ұйымының ішкі тәртіп ережелері туралы мәліметтер ұсынылуы қажет.
3. Медициналық көмек пациенттің ерікті түрде жазбаша немесе ауызша берген келісімін алғаннан кейін көрсетілуі қажет.
4. Пациент медициналық көмек алуы кезінде өзінің денсаулығы туралы, ұсынылатын және балама емдеу әдістерінің болуы мүмкін қаупі мен артықшылығы туралы мәліметтермен қоса, емдеуден бас тарту салдары туралы, диагнозы, болжам мен емдеу шараларының жоспары туралы пациентке түсінікті ақпараттар алуға, сондай-ақ ауруханадан шығару себептері туралы түсініктеме алуға құқылы.
IV. Дәрігерлік құпия
95-бап. Дәрігерлік құпия
1. Азаматтың медициналық көмекке жүгіну дерегі, денсаулық жағдайы, оның сырқатының диагнозы туралы ақпарат пен науқасты тексеру және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
2. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді, осы баптың 3 және 4 тармақтарында белгіленген жағдайлардан өзге, оқу, кәсіби, қызметтін және өзге де міндеттерін атқару кезіенде белгілі болған тұлғалардың жариялауына жол берілмейді.
3. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді басқа жеке тұлғаларға және (немесе) заңды тұлғаларға науқасты тексеру мен емдеу, ғылыми зерттеу жүргізу мақсатында беруге, осы мәліметтерді оқу барысында және өзге де мақсаттарда пайдалануға болады.
4. Азаматтың немесе оның заңды қкілінің келісімінсіз дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді келесі жағдайларда ұсынуға болады:
1) өзінің денсаулық жағдайына байланысты өз еркін білдіруге қабілетті емес азаматтарды тексеру мен емдеу мақсаттарында;
2) қоршаған адамдарға қауіп төндіретін аурулардың таралу қаупі кезінде;
3) тергеу және алдын ала тексеру органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың тексеру немесе соттық тергеу жүргізумен байланысты сұрауы бойынша;
4) кәмелетке толмаған немесе қабілеті жоқ тұлғаға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкіліне хабарлау үшін;
5) азаматтың денсаулығына құқықбұзушылық іс-әрекет нәтижесінде зиян келуін болжауға негіздеме болған жағдайда.
5. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес мәліметтерін құрайтын электрондық ақпараттық ресурстар қалыптастыру үшін олардың жеке өміріне қатысты дербес мәліметтерді жеке тұлғалардың (пациенттердің) рұқсатынсыз жинауға және өңдеуге жол берілмейді. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес мәліметтерін құрайтын электрондық ақпараттық ресурстарды олардың жеке өміріне қатысты дербес мәліметтерді пайдалану кезінде жеке тұлғалардың (пациенттердің) рұқсатынсыз басқа деректер базасымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.
Дереккөз: «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексі.