«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ережесін және азаматтарды
медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына тіркеу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығы
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ережелері (бұдан әрі – Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақсстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 45-бабы 4-1) тармағына сәйкес әзірленген.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) – адам, отбасы және қоғам деңгейінге көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер кешенінен тұратын тәуліктік медициналық бақылаусыз көрсетілетін дәрігерге деінгі немесе білікті медициналық көмек.
Азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеу басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан МСАК жақын ұйымға медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша тіркелетін шекаралық аумақта тұратын азаматтарды есепке алмағанда, тұрақты немесе уақытша тұратын мекенжайы, жұмыс, оқу орны бойынша дәрігерді, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шеңберіндегі медицина ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
Азамат тек бір ғана МСАК ұйымына тіркеле алады.
Медициналық ұйымға тіркелу талоны азаматтың МСАК ұйымына тіркелуі туралы куәлік құжаты болып табылады. Тіркелу талонын медицина ұйымының медициналық тіркеушісі береді.
МСАК ұйымына тіркеу еркін үлгіде жазылған өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте берілген өзге де құжат) негізінде МСАК ұйымының жұмыс кестесіне сәйкес кез келген күнтізбелік уақытта жүзеге асырылады. МСАК ұйымы азаматтардың жеке өзі жүгінге жағдайда тіркеуге алады. Бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күшіне енеді. ҚР ДСМ от 28.04.2015ж. №281 бұйрығы, ҚР Үкіметінің 25.10.2012 ж. №1358 қаулысы.