Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Іс-шара аясында ҚР мемлекеттік органдары өкілдері, заңгерлері мен адвокаттары тұрғындарды қабылдап, тегін заң көмегін көрсетеді.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы әлеуметтік шиеленісті жою, мәселелерді шешу және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат мемлекеттік органдар мен еліміздің заңгерлер қауымдастығының үздік өкілдерінен құқықтық саладағы мәселелерді шешуге қажетті көмек ала алады.

Тараз қаласында акция өтетін мекен-жай: Төле би даңғылы 27, «MART» сауда ойын-сауық орталығы.
Басталуы 2023 жылғы 26 мамыр күні сағат 16:00. Кіру тегін!
Айта кету керек, «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясын ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ZAKON.KZ желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік органдар, еліміздің жетекші заңгерлері мен адвокаттары ұйымдастыруда.