Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Жүректің ишемиялық ауруы (ЖИА) – бұл жүрекке қан мен оттегіні жеткізетін шағын қан тамырларының (коронар тамырлары) тарылуынан пайда болатын ауру. Себептері Жүректің ишемиялық ауруы ерлер мен әйелдер арасындағы өлімнің жетекші себебі болып табылады. Жүректің ишемиялық ауруының себебі болып коронар тамырланың атеросклерозы табылады. Бұл процесс коронарлы тамырларының қабырғаларының қатаюына алып келеді. Процесстің басында майлардан тұратын түйіншектер пайда болады. Олардың кесірінен қан тамырлары тарыла бастайды. Тарылған коронарлы тамырлар қажетті деңгейде жүрекке қанды жеткізе алмайды. Нәтижесінде, миокардтың тіні зақымданып, оның жиырылғыш қызметі жоғалады. Симптомдары Кейде жүректің ишемиялық ауруы білінбей өтуі мүмкін. Жүректің ишемиялық ауруының басты симптомы ретінде ауырсыну болып табылады. Аурудың пайда болу орыны, таралымы стенокардияға ұксас болып, көбіне төс немесе жүрек аймағында пайда болады. Жүректің ишемиялық ауруының басқа симптомдары: Демікпе; Шаршағандық; Жалпы әлсірегендік.