Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

АИТВ инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру;
АИТВ -инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымы – міндетті, анонимдік және (немесе) құпия медициналық зерттеп-қарауды және АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша консультация беруді жүргізетін ұйым;
АИТВ-инфекциясының бар немесе жоқ екенін тек зертханалық талдау тапсыру арқылы ғана білуге болады, яғни АИТВ-на тестілеу өту арқылы.
Қанның зерттелуі ЖИТС орталығының зертханасында иммун-ферментті талдау әдісімен жүргізіледі (ИФТ).
Қанды алу шынтақ тамырынан арнайы стерилденген вакутейнермен 5мл көлемінде, процедуралық кабинет шартында іске асады.
         Қанды таңертең аш қарынға және тамақ ішкеннен кейін тәуліктің кез келген уақытында тапсыруға болады.
АИТВ статусын білу үшін адам СПИД орталығына немесе тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, тиісті талдау жүргізуі керек.