Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Мидың қатерлі ісігі.

Адам ағзасындағы ісік тәріздес түзілістердің барлық түрінің шамамен 6%-ін бас миының түрлі ісік түрлері құрайды
Мидың қатерлі ісігі деген не
"Мидың қатерлі ісігі – бұл бас сүйегінің ішінде пайда болған түзіліс. Ол ми тінінің, мидағы жүйке, қабығы, қан тамырлары, эндокриндік құрылымдардың ісіктен зақымдалуын қамтиды. Мұндай ісіктер сипаты бойынша қатерлі емес және қатерлі болып келеді", - дейді онколог дәрігер Александр Серяков.

Қатерлі ісік өте тез өсуі және айналасындағы тіндерге қарай өтуімен ерекшеленеді. Глиома – мидың қатерлі ісігінің ең көп таралған түрінің бірі. Оның ең агрессивті түрі - глиобластома. Ол тез өседі, шеттері айқын болмайды. Нашар емделеді, рецидив ықтималдылығы жоғары.

Мидың басқа қатерлі ісіктеріне мыналар жатады:

менингиома - ми қабығының ісіктері;
нейроэпителиалды ісіктер (ганглиомалар және астроцитомалар);
невриномалар - жүйке жасушаларының қабығынан пайда болған ерекше ісіктер.
Мидың қатерлі ісігінің себептері
Ғалымдар ісіктердің пайда болуының нақты себебін әлі анықтаған жоқ. Бірақ олардың өсуіне радиоактивті сәулеленудің, ағзаға енетін токсиндердің және қоршаған ортаның ластануының ықпалы туралы болжамдар бар. Балаларда туа біткен жаңа түзілістер болуы мүмкін.

Бассүйек-ми жарақаты да бұл аурудың ықтимал факторына айнала алады.

Мидың қатерлі ісігінің кейбір бөліктері басқа ауруды емдеу үшін қолданылған сәулемен емдеу әдісінен, иммунитетті басу бойынша емдеу, АВТ инфекциясын емдеуден кейін пайда болуы мүмкін деген мәлімет те бар. Кей адамда мидың қатерлі ісігніңі кейбір түрлеріне бейімділік болады. Алайда көп адамда бұл аурудың не себепті пайда болатыны әзірше белгісіз.

Бас миындағы ісіктердің 10-30%-і метастазды туындау сипатына ие – бұл қан ағысымен ми қан тамырларына, тіндерге, қабығына жеткізілген жасушалар.

Көп жағдайда миға мыналар метастаздалады:

ер адамдарда – өкпенің зақымдалуы, колоректалды обыр, бауырдың зақымдалуы;
әйелдерде – омырау обыры, меланома, колоректалды және өкпе обыры.
Миішілік метастаздар жатыр, ас қорыту немесе қуық асты безінің қатерлі ісігі кезінде пайда болады.

Мидың қатерлі ісігінің белгілері
Ошақты симптомдар көбіне бірінші болып білінеді. Олар ісіктің өз айналасындағы тіндерді басып тұруы және бөгде денеге химиялық реакция, қан құйылу, ісікті эмболаның қан тамырларын бітеуі, тіндерді, жүйкелерді басып тұру салдарынан пайда болады. Егер ісік үлкен болса, онда масс-эффект пайда болуы мүмкін. Бұл кезде мидың негізгі құрылымдары жылжып, мишықтың бас сүйек саңылауына енуі туындайды,

Ең ерте байқалатын себептердің бірі – бас ауруы. Ол әдетте қан тамырлары, жүйке және ми қабығының тітіркенуінен пайда болады. Бүкіл бастың диффузды түрде ауыруы байқалса, бұл көбіне ми қабығының зақымдалуымен байланысты болады. Сипаты бойынша ауырсыну ұстама секілді, терең, қарқынды немесе керіп ауыру түрінде бола алады.

Тағы бір белгісі – тамақтанумен еш байланысы жоқ жүрек айну. Ол бас қатты ауырған кезде немесе онымен байланысты болмауы мүмкін.

Бас айналу дененің немесе айналадағы заттардың айналуы түрінде болуы мүмкін.

Бұлшықет әлсіреуі, дененің бір жағынан екінші жағы қатты ерекшеленетін бұлшықеттің гипертонусы, сіңір рефлекстерінің өзгеруі де ықтимал. Сондай-ақ бұлшықет-буынға да зақым келуі мүмкін.

Кей ісік кезінде дірілді синдром болуы мүмкін. Бұл көбіне мидың зақымдалуының алғашқы белгісі болады. Абсанстар, тоникті-клонды ұстамалар, Джексон эпилепсиясы да болуы мүмкін. Кейбір науқастарда тырыспа алдында аура да болады. Ісік өскен сайын парциалдық тырысу немесе ошақ белсенділігінің төмендеуі болады.

Кейбір адамда психикалық ауытқу байқалады. Немқұрайлылық, инициативаның жоқтығы, агрессия, эйфория немесе шектен шыққан көңілшектік, апатия, өзіне тым қатты көңіл толуы да мидың зақымдалуының белгісі болуы мүмкін. Ісік өскен сайын бұл симптомдар да ауырлай түседі. Тіпті галлюцинация, жады жұмысының қатты бұзылуы, алаңғасарлық, ойлау жетіспеушілігі де болады.

Көздің көруі де нашарлап, көру жүйкесінің аумағында іркілістер де байқалады. Бұл көз алдының бұлыңғырлануымен, қара нүктелердің немесе үлдірдің пайда боулымен, нашар көрумен сипатталады. Көз жанары жан-жаққа ауытқып кетуі мүмкін.

Қосымша мына белгілер де болады:

есту нашарлайды;
афазия;
атаксия;
көз жанары қимылының бұзылуы;
галлюцинация (есту, дәм сезу);
вегетативті дисфункция.
Егер гипоталамо-гипофизарлы жүйе зақымдалса, онда гормондар алмасуына зақым келеді.

Мидың қатерлі ісігінің кезеңдері
Қатерлі ісікпен зақымдану әдетте сатылы түрде өтеді. Сондықтан емдеу әдісі мен болжам, типтік белгілері мен симптомдары анықталады. Ең жеңілінен бастап ең ауырына дейін барлығы 4 кезең анықталған.

Бірінші сатысы – бұл жағдайда мидағы бір бөлікті жаңа түзіліс, түйін зақымдайды, көрші тіндерге ісік әлі енбеген, мидың айналасындағы учаскелерге қысым жасалмайды;
Екінші сатысы – ісік баяу өседі, бірақ көрші учаскелерге өткен;
Үшінші сатысы – ісік құрылымы өзгерген, жасушалар жылдамырақ бөлінеді, көршілес бөліктер мен тіндер өсе бастайды;
Төртінші сатысы – ісік үлкен, көршілес ми құрылымдарына қарай өседі, баяу метастаздар ықтималдылығы бар.
Мидың қатерлі ісігін емдеу
Дұрыс емдеу тактикасын таңдау үшін тек ісіктің өзін анықтап қана қоймай, оның түрін, яғни қатерлі емес немесе обырлы екенін анықтау керек, жасушалардың сатысы мен түрін бағалау қажет (ісіктердің әр түрі әрқалай өседі және терапия да оларға әрқилы әсер етеді).