Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Қазіргі кезде жоғары қан қысымынан зардап шегетіндер көп. Артериалық гипертония - артериялдық қан қысымның көтерілуімен сипатталынатын жағдай. Қан қысымы қатарынан бірнеше рет өлшегенде 140/90-нан жоғары болса, гипертония деген сөз. Бұндайда дәрігерге қаралу қажет. Артерия қысымы тұрақты түрде жоғары болса, жүрекке жүктеме түседі. Артериялық қысымды емдемесе бірнеше жылдан соң: • жүректің ұлғаюы; • жүректің жеткіліксіздігі; • миокард инфаркті; • инсульт; • бүйрек ауруына әкелуі мүмкін. Артерия қысымын қадағалап отыру үшін дәрігер тағайындаған дәріні тұрақты түрде ішу керек. Дәрінің жанама әсері болса, жәй ғана ішпей қоюға болмайды. Мұны дәрігерге айтып, басқа дәріге ауыстыру қажет. Қан қысымы тұрақты болуы үшін: • тағамдағы тұз мөлшерін азайту; • күніне 30 минут бойы дене жаттығуларын жасау; • артық салмақтан арылу; • диетаны өзгерту: майлы тағамды, қызыл ет пен қантты азайтып, рационға көкөніс, жеміс-жидек пен дәндер, балық етін қосу; • алкоголь бар сусын ішпеу қажет. Қан қысымы жоғары не төмен адамдардың үйінде міндетті түрде қысымды өлшейтін тонометр болуы тиіс. Қан қысымы мазаламаса да жылына бір рет жалпы скринингтен өтіп тұру қажет. Осылайша, гипертонияның алдын алуға болады.