Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Семіздік – ағзада май тіндерінің шамадан тыс жиналуымен сипатталатын созылмалы рецедивті ауру. Семіздік кезінде ІІ типті қант диабетінің, жүрек-қантамыр ауруларының, онкологиялық аурулардың даму қаупі жоғарылайды. Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша артық салмақ қосқан адамдардың саны 2 миллиардқа жетті. Қазақстанда 4 миллионнан астам адам семіздікке шалдыққан.
Бұл елімізде тұратын халықтың санын ескергенде, үлкен көрсеткіш болып
табылады.
СЕМІЗДІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
Даму себебіне байланысты семіздік екіге бөлінеді :экзогенноконституционды және эндогенді.
Экзогенно-конституционды түрі адамның дұрыс тамақтанбауына және аз қозғалуы байланысты дамып,тұқым қуалайды.
Эндогенді
түрі ағзада белгілі бір аурудың себебінен дамиды(бүйрек,бауыр,жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары және қант диабеті)
. Семіздіктің адам ағзасына әсері
Ағзада гармондардың мөлшері артады
Обыр ауруы дамиды
Семіздік кезінде оттегінің ағзаға түсуі азайып,тыныс алу бұзылады,
Ұйықтағанда жоғарғы тыныс жолдары маймен бітеледі.Бауырды май басып,бауыр қызметі бұзылады
ДСИ
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) артық дене салмағымен семіздікті бағалауда
қарапайым сандық критерий – дене салмағы индексі (ДСИ), Кетле индексін тиімді санайды.
Семіздіктің жіктелуі мен бірқатар созылмалы жұқпалы емес аурулардың даму болжамды қаупін
бағалауда ДСИ - кеңінен қолданылатын көрсеткіш. ДСИ эпидемиологиялық зерттеулермен қатар
жеке қауіпті бағалау үшін қолданылуы мүмкін.
ДСИ 25кг/м2 шамасынан асатын болса, дене салмағы артық саналады.
ДСИ 30 кг/м2 шамасына тең немесе артық болса, семіздікке сəйкес келеді.
ДСИ байланысты семіздіктің үш дəрежесі анықталады
Семіздіктің алдын алу шаралары:
- күніне 4-5 рет тамақтану, тағам ағзаға жиі және аздаған мөлшерде келіп түссе, тағам жылдам әрі жеңіл қорытылады;
- тамақ ішуді ұйықтардан 3-4 сағат бұрын тоқтату;
- қаныққан май қышқылдарына бай мал өнімдерінің майларын (сары май, майлы ет және ет өнімдері, мал майы, құйрық май, іш май, тоңмай) тұтынуға шектеу қою;
- жеңіл сіңетін көмірсулардың (қант, тәттілер, кондитерлік өнімдер) мөлшерін азайту; 
- ас тұзын қолдану мөлшерін күніне 2-3 грамға дейін (бір шай қасық) шектеу;
- шикі көкөністер мен жемістерді көбірек (күніне 400 грамнан кем емес, кем дегенде 4-5 рет) тұтыну; 
- нан, әсіресе, ақ нан жеуге шектеу қою;
- күн сайын 30 минутқа дейін орташа немесе қарқынды салмақ түсіретін жаттығулар жасау.