Дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің оқушылары Исабек Дулат, Тұрсынбай Адия және жетекшісі Орынбаева Мирамгуль Батыйхановна, №5 қалалық емхана бас дәрігердің медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Мурзакасымова Назгуль Жумагалиевна, дәрігер-кардиолог Рашитова Насиба Абдужабаровна және пациентімен кездесіп, адам өмірін сақтандыратын "Second Heart" атты құрылғы-сағатын ұсынды. Кездесу барысында емхананың дәрігер-маманы, осы құрылғының ішіне тағы бір функцияны, яғни, қан қысымын өлшейтін құрал қосу керектігін айтып, жас өнертапқыш оқушыларына өз ұсынысын білдірді. Себебі, науқас адамның жағдайын қан қысымы арқылы өлшеу әлдеқайда қолайлы екенін атап өтті. Сондай-ақ, пациент: – Сағаттың бастапқы үлгісі жаман емес, дегенмен бірқатар өзгеріс енгізу қажет, яғни, сағаттың қорапшасын кішірейтіп, қолға тағатын бауын ыңғайлы қылып жасаған жағдайда көптеген науқастар үшін бұл құрылғы қолайлы әрі пайдалы болады,- деді.
https://gp5-taraz.kz/en/about/allnews/1272-daryndy-balalar?template=SSMP#sigProIda37758c4d0