БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

There is no translation available.

2024 жылдың 1 маусым күні Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласындағы №5 қалалық емханада келушілермен мерекелік шара өтті. Бас дәрігер Д.А.Сарсенова ата-аналарды «Балаларды қорғау күні» мерекесімен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт, амандық пен бақ-береке тіледі.

Балалар мен ата-аналар алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінің қызметкерлері өткізген викториналарға, ойындарға және жарыстарға қатысты. Мереке балалардың сүйікті мультфильмдеріндегі әндерімен сүйемелденді.

Емхана қызметкерлерінің балалары арасында «Әлем балалар көзімен», дарынды балалар арасында «Ғажайып жұмысшы» сурет байқауы, шар байқауы және т.б. іс- шаралар өткізілді. Ойындар мен жарыстардан кейін барлық балалар кәсіподақ пен емхана әкімшілігінен түрлі сыйлықтар мен ойыншықтар алды.