БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ ОЙЫНШЫҚТАР ҚАЖЕТ

There is no translation available.

БАЛАЛАРҒА ҚАНДАЙ ОЙЫНШЫҚТАР ҚАЖЕТ?

Бүгінгі таңда балаларға, оның ішінде өмірінің бірінші жылына қадам басқан балаларға арналған ойыншықтарда жетіспеушілік жоқ. Алайда көптеген ойыншықтардың ішінде баланың жасына лайықтыны және оған қызықты да пайдалы болатын және оның дамуына ықпал ететін ойыншықтарды таңдау маңызды болмақ.

Әр ойыншықтың өзіндік функционалдық мақсаты болады және  ойыншықтар арқылы балалардың сөйлеу қабілетін дамытамыз. 

Сылдырмақ - бұл баланың келісілген қозғалыс дағдыларын (моторикасын), көру, есту қабілеттерін, тактильді сезінулерін дамытуға арналған өте маңызды ойыншығы болып табылады. Сылдырмақты таңдағанда оның көлемі баланың қолына сиятындай болуы керек.

Ойыншық ашық түсті болуы және  оның құрамдас бөліктері баланың аузына түсіп кетпес үшін мықты бекітілген болуы тиіс.

"Балаңызға ойыншық ретінде тағы не қолдануға болады?" десеңіз, әрине, тұрмыстық заттарды да қолдануға болады, оның үстіне ол әр үйде болатын нәрсе. Мысалы, ойын үшін келесі аталған заттарды қолдануға болады:

lпластикалық ыдыс-аяқтарды, қасықтарды, табақтар мен басқа да ыдыс-аяқтарды;

lкез-келген көлемдегі ағаш қасықтарды;

lкішкентай алюминий кәстрөлдер мен оларға арналған қақпақтарды;

lбос пластикалық бөтелкелерді;

lқақпағы бар пластикалық банкілерді;

lтүрлі көлемдегі және фактурадағы қағаздарды;

lтүрлі текстуралар мен түстердегі материалдар;ды

lқақпақтары бар және оларсыз кішкентай қораптарды;

lфольга;

lкез – келген "доптар" - теннис добынан бастап алма, апельсин, жіптер домалағы және т. б.

Назарыңызда болсын! Балалар немен ойнамасын ұстаған заттарының барлығын әрдайым аузына тартуға тырысады және бұл балалар үшін заттардың қасиетін білудің бір тәсілі. Сондықтан абай болып, ойынды бақылап, ойыншықтарды үнемі аңдып отырыңыз.

 WhatsApp Image 2024-09-18 at 11.31.45.jpeg

Үш айлық балаға кеудесінен жоғары тұратын ойыншықтарды ол қол жеткізе алатындай етіп ілу керек. Алдымен ол оларға кездейсоқ соғып кетіп жатады да  кейін ол ойыншықты қолмен ұстай алуыңа тырысатын болады. Жасы 5-ші айға жақындаған кезде сәби ілулі тұрған ойыншықты ұстап қалып, ұстап тартатын алады. Мұндай әрекеттер оның қозғалыс координациясын, қол моторикасын және көзбен дәлдеу қабілетін жақсы дамытатын болады. Балаңызды қолыңыздан ойыншықтар мен басқа заттарды алуға шақырыңыз және оның оларды дұрыс ұстап алғанына көз жеткізіңіз. Балаңыздың  іштеп немесе бүйірлеп жатып, ойыншыққа қолын созып, оны алып, барлап, қарап  және бұрынғыдай емес, көрген нәрсеге қызығушылық білдіріп жатқанынан сіз оны тез өсіп келе жатқанын түсінетін боласыз.

Бала қолына  ойыншықтарды ала бастаған сәттен бастап, олармен әрекет етуді қалайтын болады. Балаларға ойыншықты сермеуді, қолдан қолға ауыстыруды, ұруды, лақтыруды үйретіңіз және оны солайша әрекет етуге ынталандырыңыз.  Сол кезде балада  назарын өзіне аударатын нәрсені алуға деген қажеттілік туындайды. 7-8 айлық жастағы сәби өзі қалаған нәрсені алуға тырыса отырып, өз мақсатына жетуде табандылықты  көрсетеді. Осы жерде ересектерге мына нәрсені ескеру қажет. Ешқашан бала өзі істей алатын нәрсені оның алдына түсіп  ол үшін әрекет етуге асықпаңыз!

WhatsApp Image 2024-09-18 at 11.31.14.jpeg

Мысалы, балаға сары түсті  домалақ ұнап, ол оған жетуге тырысып, бар күшін салып жатыр делік. Алайда анасы оған өзі алмақшы болған  затты түсіп алып бермегенде өзі ала алар ма еді.  Өзіңіз байқап отырғандай, бұндағы проблема  баланың болашағына зор зиянын тигізуі мүмкін орынсыз қамқорлық болып табылады. Бүкіл ата-аналардың  табанды әрі мақсатты баланы қалайтыны белгілі, олай болса біз оларға осындай орынсыз қамқорлықпен кедергі етпеуіміз керек. Бір жасқа қарай баланың қолдары затты ұстауға  бейімделіп, оларды берік ұстауға үйрене бастайды.  Допты ол  ербейген  саусақтарымен алатын болса, бауды сұқ және ортаншы саусақтары арқылы, ал кубикті саусақтарын бүйірлерінде орналастыру арқылы ұстап қалатын болады.

Енді сіздің кішкентайыңыз осылайша заттармен белсенді әрекет етіп жүргенде сіз оған осындай әрекеттерді жүзеге асыратын  кішкентай алаңшаны дайындауыңыз қажет.  Осы мақсатта сіз оған  ойыншықтарды, шүберектерді, қағазды және басқа да қауіпсіз заттарды тастауға арналған үлкен қораптарды дайындап қойып, олардың барлығын қайтадан қораптартарға салуды үйретіңіз. Қораптар болмаса  бұл үшін  ішінен бірдеңе алып, ашып-жабуға болатын кез-келген қақпақтары бар кәстрөлдер, түрлі басқа қораптар  жарамды болады. Бауды тарту үшін үшін кубиктер, кішкентай пирамидалар, доптар, ойыншықтар , қуыршақтар мен жұмсақ ойыншықтар қажет болады. Ойын барысында бала айтқандарды  түсініп,  өзі де сөйлеуге тырысатын болады. Баланың сөйлеуі кезінде ойыншықтардың атқаратын рөлі айтарлықтай зор болады. Бала өскен сайын әлемге  қызыға қарап, әр нәрсені бір ұстап, әр затқа  үлкен қызығушылықпен қарайтын болады. Бұл әрине, керемет құбылыс. Сондықтан, баланың дені сау және жан-жақты дамыған, мейірімді етіп өсіруде бірден-бір біздің таптырмас көмекшілеріміз – ойыншықтар болып табылады.

Балалар ойнағанды жақсы көреді. Балаңызбен ойнау арқылы сіз оған әлемді танып-білуге  көмектесесіз. Бірақ  бұл балаға көптеген қымбат ойыншықтарды  алып беру керек дегенді білдірмейді. Балаңызға айналадағыны зерттеуге, күнделікті істерге қосылуға үйретуге арналған көптеген мүмкіндіктерін қалыптастыра аласыз, өйткені бала үшін, ойын ол - түрту мен лақтыруды, тарту мен аузына салуды, дәмін көру, қарау мен тыңдауды  білдіреді. Бала неғұрлым ерте ойнай бастаса, соғұрлым жақсы дамитын болады. Тіпті бірнеше аптадан кейін бала бос қабырғаға қарап жатқаннан жалығып, қыңқылдай бастайды, себебі, ол ашық түсті ленталары, шарлары, қозғалмалы заттары бар жерлерді көргісі келетін болады. Оның үстіне баланың  жүре бастағаннан  құмсалғышта ойнап, контрукторларды құрғысы немесе қуыршақпен ойнағысы келгені аяқ аяққа оратылып, сіздің ашуыңызға тиіп жатқаннан  әлдеқайда пайдалы және дұрыс болады.