«№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да ұжымы НАУРЫЗ мерекесін тойлады

There is no translation available.

Бүгін 2025 жылдың 20 наурыз күні «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да ұжымы НАУРЫЗ мерекесін тойлады. Мерекелік шарада бас дәрігер Сарсенова Д.А. ұжымды НАУРЫЗ мерекесімен құттықтап
1) Сенім денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерiнiң салалық кәсіптік одағы " СЕНІМ ҮЗДІГІ" ТӨСБЕЛГІСІМЕН бас дәрігердің медицина жөніндегі орынбасары Маханова Перизат Куттыбаевна марапатталды
2) Сенім денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерiнiң салалық кәсіптік одағы РҚБ төрағасы С. Дүйсеновтан №42 орта мектеп мейіргері Кабдрасилова Рахат Укубаевна марапатталды
Сонымен қатар бipнеше қызметкерлерді Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ, емхана ұжымына мерекелік концерт ұйымдастырылды. №5 қалалық емхана әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының төрағасы Әшірбаева Г.С атынан емхана қызметкерлеріне мерекеге арнап Наурыз көже, бауырсақ және палау ұйымдастырылды.

         Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелетін уақыты. Тамыры тереңде жатқан бұл мереке – бірлік пен берекенің, тазалық пен татулықтың іргетасын нығайта түсетін қуаныш пен жанқиярлықтың ұлы мерекесі. Сіздерді халқымыздың ең ұлық мерекесі, табиғат-ананың жаңғыруы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңарған күн сіздерге бақыт, береке мен келісім әкелсін!