«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»

There is no translation available.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында №5 қалалық емхананың психологтары «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты қызметкерлерге арналған ойын-тренинг өткізді. Шараның мақсаты – ұжымда қауіпсіз, қолайлы орта қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсінікті арттыру және әр қызметкердің өз қауіпсіздігін қорғау дағдыларын күшейту болды. Тренинг ойын формасында ұйымдастырылып, қатысушылар интерактивті тапсырмалар арқылы: * зорлық-зомбылықтың түрлерін ажыратып, * шекара қою дағдыларын, * стрессті басқару тәсілдерін, * дағдарыс кезіндегі дұрыс әрекеттер алгоритмін тәжірибеде орындады.