Ревматоидтық артрит – көбінесе
шеттік (синовиялық) буындардың симетриялық, эрозиялық, деструциялық зақымдануына және
буыннан тыс бұзылыстарға әкелетін
дәнекер тіннің тоқтаусыз меңдейтін жүйелі ауруы. Ревматоидтық артрит
көптен белгілі ауру болғанымен оның
клиникалық көрінісіне алғаш толық
суреттеме берген Гарро (1863 ж).
Ревматоидтық артриттің даму
себептері белгісіз, дегенмен оның
дамуында келесі факторлар әсер
етеді:
Ген ерекшеліктері. Ревматоидық
артритке шалдыққандардың
қандас туыстарында осы дерт 4 есе
жиі кездеседі.
Инфекциялық агенттер.
Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісінен
ревматоидтық артрит екіге бөлінеді.
Біріншісі – буындық түрі,
ревматоидтық артритпен
ауырғандардың 80%-да кездеседі.
Оның басты белгісі – буындардың
қабынуы мен деформациясы. Екіншісі
– буын – висцеральды түрі. Бұл
түрінде буынмен бірге түрлі ағзалар
зақымданады.
Көбінесе ревматоидтық артрит баяу
басталады. Бірақ, кейде оның
бастамасы биік қызбадан,
буындардың бірден қатаң сіресуінен,
ісініп ауырсуынан жіті басталады.
Ревматоидтық артрит басталған
кезінде ең алдымен өзінің "сүйікті"
буындарын зақымдайды: алақансаусақ, проксимальды флангааралық,
кейіндеу – табан-бақай және тілерсекбуындарын. Бұл ауруға буындардың
симметриялы зақымдануы тән.
Жүре бара патологиялық процесс
меңдеп, көптеген буындарға
таралады. Бірақ ревматоидтық артрит
тиіспейтін буындар да бар: омыртқа
жотасының бел және кеуде бөлігінің,
дистальды саусақаралық. Бұл
ерекшелік ревматоидтық артритті
өзге артриттерден айыруға
көмектеседі.
Диагноз осы ауруға тән клиникалық,
рентгендік және лабораториялық
белгілерге негізделеді. Ең негізгі
клиникалық белгілері: алақан саусақтық, проксимальды
фалангааралық және табан бақайлық
буындардың симетриялы қабынуы,
буындардың таңертенгілік сіресуі,
жаңа буындардың біртіндеп
зақымдануы, теріастылық
ревматоидтық түйіндер.
Диагнозды қоюға диагностикалық
критерийлерді пайдаланады.
Ревматоидтық артриттің
диагностикалық критерийлері:
әйелдердің жиілеу шалдығуы.
инфекцияға тікелей байланысының
жоқтығы.
Емі
Ем жобасын түзгенде ревматоидтық
артриттің түрін, активтілік дәрежесін,
науқастың жасын, ілеспелі ауруларын
ескереді. Ревматоидтық артрит кезіндегі ем
бағдарламасы:
тез әсерлі қабынуға қарсы
дәрмектер.
базистік дәрмектер.
иммундық жүйені реттейтін
дәрмектер мен шаралар.
жергілікті ем және дәрмектерді
буын ішіне енгізу.
физиотерапия.
емдік дене шынықтыру, массаж,
еңбекпен емдеу.
санаторлық — курорттық ем.
реабилитация.
диспансерлеу Ревматоидтық артриттің емінде
физиотерапияға көп мән берілуі тиіс.
Ең жиі қолданатын әдістер:
парафиннің, бишофиттің
аппликациялары, түрлі дәрмектерді
буынға фонофорез немесе
электрофорез әдісімен енгізу .
https://gp5-taraz.kz/en/about/allnews/911-revmatoidty-artrit?template=SSMP#sigProIdd2255644c8