✅МАММОГРАФИЯ ДЕГЕН НЕ? НЕ ҮШІН КЕРЕК?

МАММОГРАФИЯ дегеніміз сүт бездерін рентген сәулелерінің көмегімен кескінін алу. Қатерлі ісіктің алдыңғы сатыларында ерте анықтауға мүмкіндік беретін әдіс.

Сұрақ: ❓КІМДЕР ӨТУІНЕ БОЛАДЫ?

Жауап: -Қалыпты жағдайда маммографияны 40 жастан бастап, әр әйел адам 2 жылда бір өтуі тиіс. Ісікке күмән болса жас қыздарда да жасалады. (оны тек маммолог жолдама беру арқылы тексерілесіз☝️)
❗️Алғашқы өткен маммографиялық кескіндер өте маңызды болып табылады. Себебі келесі жылдары түскен кескіндермен салыстыра отырып, өзгеріс( ісіктер, фиброаденома, киста, фиброз т.б.) болса диагностикалауға, емдеуге құнды деректер болып табылады ☝️
Уақытылы скринигтік тексеруден өтуді ұмытпайық💯✅