Әрбір бала өзін әрқашан бақытты сезінуі керек. Әрқайсымыз оларға күлуге, ойнауға және тәтті балалық шақтың нағыз дәмін сезінуге көмектесуіміз керек.
2024 жылдың 31 мамырында «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай №5 қалалық емхананың 3 ОДО бөлімінің қызметкерлері кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мүмкіндігі шектеулі ерекше балалардың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етті.