ЕМШЕКПЕН ЕМІЗУ ТУРАЛЫ

WhatsApp Image 2024-07-11 at 16.43.10.jpeg

Балаға өмірдің алғашқы минуттарынан бастап бере алатын ең жақсы нәрсе - кеудеге салып, алғашқы 6 айда тек ана сүтімен тамақтандыру.

Сіздердің емшектеріңіздің ұшында пайдалы бактериялар бар екендігін сіздер білесіздер ме?

Бұл баланы емізер алдында емшек ұшын жуудың қажеті жоқ екендігін білдіреді.

БАЛАНЫ ЕМІЗУ ОҢАЙ МА?

Кейде аналарға емшек емізу - оңай және табиғи іс-әрекет деп жатады. Көбінесе ана үшін бірінші баланы емізу жеңіл болуы мүмкін, ал екінші баласымен қиындықтар туындайды. Сондықтан бәрі де нақты жағдайға байланысты.



ЕГЕР МЕНІҢ ЕМШЕГІМНІҢ ҰШЫ АУЫРСА , ЕМІЗУДІ ДОҒАРУЫМ КЕРЕК ПЕ?

Егер сіздің емшегіңіздің ұшы ауырса, емізуді доғарудың қажеті жоқ. Сіз баланы емізуді жалғастыра беруіңіз тиіс, бірақ ауырудың себебін анықтау үшін көмекке жүгініңіз.



МЕНІҢ СӘБИІМ ҚАНША РЕТ ТАМАҚТАНУЫ ҚАЖЕТ?

Тәулігіне шамамен 8-12 рет аштық белгілері білінуі тиіс. Жаңа туған нәрестелерге көп тамақтану қажет, өйткені олар тез өседі. Өмірінің алғашқы алты айында – немесе одан да ерте – баланың туған кездегі салмағы екі есеге артады. Ал енді өз салмағыңызды екі есе қосу үшін қанша тамақ жеу керектігін елестетіп көріңіз



ЕМІЗЕР АЛДЫНДА ЕМШЕК ҰШЫН ЖУУ ҚАЖЕТ ПЕ?

Емізер алдында емшек ұшын жуу қажет емес, өйткені сүт бездерінде және емшектің ұшында пайдалы бактериялар түзіледі. Дәл осы бактериялар ананың сүт бездерінде инфекцияның пайда болуын тоқтатады.



ЕМІЗУДІ ҚАШАН БАСТАУ ҚАЖЕТ?

Ана мен бала үшін босанғаннан кейінгі бірінші сағат аса маңызды уақыт болып табылады. Емізу - өте ұйымдастырылған, неврологиялық іс-әрекет. Осы себепті туа салысымен анамен байланыс орнату нәрестені тыныштандырып, емшек іздей бастауға көмектеседі. Егер біз аналар мен нәрестелерді осындай байланыста жай ғана қалдырсақ,олар әдетте емізуге алғашқы қадамды өздері бастайды. Бұл шамамен жарты сағаттан бір сағатқа дейін уақытты алады.