Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні – 2025

Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні – 2025

Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні алғаш рет 2008 жылы 19 мамырда Дүниежүзілік Гепатит Альянсы (World Hepatitis Alliance) бастамасымен өткізілді. Кейін ол күн 28 шілдеге ауыстырылды бұл күн вирусолог, Нобель сыйлығының лауреаты Барух Бламбергтің түған күні ( ол алғашкы рет гепатит В вирусын ашқан).

2011 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 28 шілдені Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні деп жариялады.

Бүл күннін басты мақсаты гепатит мәселесіне қоғамдық назарды аудару.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынің 2030 жылға дейінгі мақсаттары жарияланды:

Олар

бауыр ауруларын алдын алу.

Гепатит С-ны толық жою

Жаңа гепатит В жұқтыруларын 90% азайту

Гепатит салдарынан болатын өлімді 65% төмендету

Дүниежүзілік статистикасы бойнша (2024 жыл):

Гепатит С: 50 млн адам есептелген (жылына 1 млн жаңа оқиға тіркелді )

Гепатит В: 254 млн адам есептелді (жылына 1,2 млн жаңа оқиға тіркелді)

Әр күні сайын 3500 адам гепатит В (83%) және С (17%) вирустарының салдарынан қайтыс болады

Гепатиттен өлім 2019 жылғы 1,1 млн нан 2022 жылы 1,3 млн -ға өсті

Қазақстандағы жағдай (2024 ж. соңы): Сынақтан өткендер:

400 000 адам (В және С гепатиттері)

Есепке алынғандар:

В гепатитімен: 33 462 адам (жаңа есепке алынғандар: 5360)

С гепатитімен: 35 984 адам (жаңа есепке алынғандар: 8470)

Вируске қарсы терапия алғандар: 30 000 ересек науқас

2025 жылғы науқанның тақырыбы: "Гепатитке қарсы күрес: кедергілерді жою"

Бұл тақырып гепатитті жоюға және бауыр онкологоясынын алдын алуға кедергі жасайтын факторларды жедел жоюға шақырады. Негізгі бағыттар:

1.В гепатитіне қарсы вакцинация: Тиімділігі 95%. Қорғаныс 20 жылдан кем емес. Қайта вакцинация қажет емес. В вакцинасы D гепатитінен де жанама қорғаныс береді.

2.Қауіпсіз инъекциялар: Жұқпа таралуын болдырмау.

3.Бауырға зиянды факторларды азайту: Арақ-шараптар, улы заттардан сақтану.

4.Скринингті кеңейту:

Вирусты гепатитті дер кезінде анықтау.

5.Тиімді емді қолжетімді ету:

В гепатиті: Тенофовир (TDF, TAF), Энтекавир сияқты вирусты басатын дәрілер.

С гепатиті: 8-12 аптада гепатит С-ны 95-99% емдейтін пангенотипті дәрілер (Глекапревир/Пибрентасвир, Софосбувир/Велпатасвир).

Жоғарыда айтылғандай Қазақстанда жылына 30 мың адам вирусты гепатитке шалдығуда. Әсіресе, В және С гепатитімен ауыратын науқастардың саны артуда. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес, вирусты гепатит ауруы айналадағы адамдарға қауіп туғызатын әлеуметтік тұрғыдан маңызды аурулар қатарына жатқызылды. 2010 жылдан бастап ««В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру алгоритімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 02 наурыздағы № 148 бұйрығын орындауда . Жамбыл Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында «В» және «С» вирустық гепатитін емдеу және вирусқа қарсы терапия өткізуге мұқтаж науқастарға кеңес беруді жүзеге асыру үшін гепатокабинеті ашылған.

Негізінен гепатокабинеттін жұмыс істеу мақсаты асқынған гепатит ауруынан болатын өлім-жітімді азайту, мүгедектікті төмендету, олардың өмірін ұзарту мен өмір сүру сапасын арттыру, стационарлық емдеуге қажеттілікті азайту болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша кәзіргі таңда созылмалы вирусты гепатитпен дипансерлік есепте тұратын наукастардын саны барлығы – 3895 тікелген,онын ішінде созылмалы вирусты гепатит В дельта антигентсіз – 2195 ( ересектер - 2165, балалар -30) ,созылмалы вирусты гепатит В дельта агентімен– 268(ересектер - 266, балалар - 2), созылмалы вирусты гепатит С - 1432.(ересектер – 1396, балалар – 36). Сонымен қатар Жамбыл облысы бойынша бауыр циррозымен науқастардын жалпы саны 324 соның ішінде вирусты бауыр циррозымен 145 (44%) ал вируссыз бауыр циррозымен – 179(56%) науқас тіркелуде.Облыс бойынша бауыр циррозымен ауырған науқастардын тізіміне сәйкес   2014 жылдан бастап 32 науқасқа бауыр трансплантациясы жасалынды онын ішінде бауыр циррозы вирусты В дельта агентімен 24 науқас , аутоиммундық бауыр циррозымен 5 науқас және 3 науқас цитомегаловирустын салдарынан болған бауыр циррозы. Бауыр обырымен облыс бойынша 64 науқас тіркелген онын ішінде 32 науқас ТАХЭ әдісімен ем алды.   «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын науқастарға вирусқа қарсы терапия Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарлама бойынша 2011 жылы басталған. «В» және «С» вирустық гепатиттерімен ауыратын науқастарға вирусқа қарсы терапия «Вирустық гепатиттермен ауыратын науқастарды зерттеу және емдеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012 жылғы 17 ақпандағы № 92 бұйрығына келісті жүргізілді. Гепатокабинеттің жұмысы: Гепатологиялық кабинет замануи жабдықпен жабдықталған бауыр фиброзының деңгейін инвазивтік еместігін анықтау аппараты. модель үлгісі: FibroScan 530 датчиктерімен: XL,S, M: 2019 жылдың 02.09 нен іске косылған.

Гепатокабинетте қаралуда болған   2025 жылы алты айдын ішінде   4946 науқас, науқас қаралды. Бауырдың эластрометрия әдісі бойынша бауырды фибросканерлеу жолымен науқастарды зерттеуді өткізген мәліметтер.

Барлығы зерттелгендердің саны: 2025 жылы алты айдын ішінде 2423 науқас тексерілуден өтті .Созылмалы вирусты гепатиттет В,С,Д вирустарына қарсы науқастар КР ДСМ клиникалық хаттамаларына қатысты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәйкес ем алуда.

Неге үміткер болу керек?

В гепатитіне қарсы қауіпсіз вакциналар бар.

В гепатитін тиімді басқаруға болады.

С гепатиті толық жазылатын ауруға айналды.

Қорғаныс құралдарыңызды біліңіз! Вакциналаныңыз, тексертіліңіз, емделіңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!