Жана туылған нәресте

N5 қалалық емхана мейіргерлері "Жаңа туылған нәрестелердегі сарғаю" Жаңа туылған нәрестелерде өмірінің алғашқы 3 күнінде сарғаюболады. Сарғаюдың қауіптілігі қан сарысуындағы бос билирубиннің (конъ-югацияланбаған, тікелей емес) жоғары болуы билиру-биндің энцефалопатияға және нәрестенің ұрықтық соңғы кезеңдерінде ақыл естің артта қалуына,балалардың це-ребральдік параличіне (ДЦП) әкеледі. Физиологиялық сарғаю 2 кезеңмен өтеді: 1.Туылғаннан кейінгі 5 күн аралығын қамтиды және байланыспаған билирубиннің жалдам жоғарылауымен өтеді. 2.Тікелей емес билирубин-нің деңгейі біртіндеп төмендейді және 11-14 күндері қалыпты деңгейге жетеді. Физиологиялық сарғаюда тері түсі сарғыш реңді болады. Бірінші кезекте бас, сосын мойын, кеуде және аяқтар сарғаяды. Сарғаю қайта ба-стағанда керісінше бірінші аяқ,сосын кеуде,ең соңында бастағы сарғаю кетеді. Физиологиялық сарғаю көп аса емдеуді талап етпейді,сарғаю 1-2 аптадан кейін өзі қай-тады.Ең бастысы баланы дұрыс емізу,ол ішек жолдары-ның функциясын жақсартады және организмнен керек емес заттарды шығаруға көмектеседі. Бала дұрыс ретті тамақтану қажет, аралығы 2-3 сағат болу керек.Ол орга-низмнен билирубинді сыртқа шығаруға көмектеседі. • Сарғаю кезінде баланы күн сәулесіне сыртқа шығарып тұру керек немесе терезе алдына отырғызу(күн суық болғанда немесе ауруханада болғанда) керек. • Егер сарғаю өз уақытысында қайтпаса және билирубин деңгейі төмендемесе фототерапия жургізілед. Шала туылған нәрестелерде сарғаю 1 айға дейін сақталуы мүмкін,кейде оданда көп уақыт.

cdaf69f2 9c7c 4930 abaa 17c860cbd98c