N5 қалалық емханада 2022 жылдың 3 қараша күні емханаға келген тұрғындар арасында жалпы тәжірибелік дәрігер Абдрахманова Тоғжан Адырбековна және мейіргер Жаксынбек Аяулым "Тұмаудың және жедел вирустық инфекциясының алдын алу" шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұмау және ЖРВИ-мен науқастанған пациент үйге дәрігер шақыртуы қажет. Науқас міндетті түрде төсек тартып жатуды қадағалауы және барынша сұйық зат ішуі керек, жылы шай мен морс ішкені жақсы. Дене қызуы жоғары болғанда қызу басатын дәрі-дәрмектерді, қажеттілігіне қарай тұмауға қарсы дәрілерді немесе жөтелге қарсы препараттарды қолдануы керек. ЖРВИ кезінде тыныс алу гимнастикасы мен дәрумендер терапиясы жақсы әсер етеді. ЖРВИ кезінде антибиотиктер тиімді емес, сондықтан олар бактериялық инфекция немесе асқыну кезінде тек дәрігердің тағайындауымен қабылданады.
https://gp5-taraz.kz/about/allnews/790-zhrvi?template=SSMP#sigProId839bc1b712