Бүгін «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да ұжымы Наурыз мерекесін тойлады.

Бүгін «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК-да ұжымы Наурыз мерекесін тойлады. Мерекелік шарада бас дәрігер Сарсенова Д.А. ұжымды Наурыз мерекесімен құттықтап, бірнеше қызметкерлерді Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымы емхана қызметкерлеріне Наурыз көже ұйымдастырды.

 

Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңелетін уақыты. Тамыры тереңде жатқан бұл мереке – бірлік пен берекенің, тазалық пен татулықтың іргетасын нығайта түсетін қуаныш пен жанқиярлықтың ұлы мерекесі. Сіздерді халқымыздың ең ұлық мерекесі, табиғат-ананың жаңғыруы – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңарған күн сіздерге бақыт, береке мен келісім әкелсін!