№ 5 қалалық емхана әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт жасасты

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен ««Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ¬амы 31.12.2021 жылы 2022 жылға тегін медициналық жәрдемнің кепілдік берілген көлемі шеңберінде балалар мен ересектерге медициналық көмек көрсетуге №А-06-0122-00027-G және №А-06-0122-00020-O келісімшарттарын жасасқандығын хабарлайды.
медициналық жәрдем түрлері бойынша:
1. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек:
- Білікті көмек
- Дәрігерге дейінгі көмек
2. Ересектерге консультативті-диагностикалық медициналық көмек;
3. Балаларға консультативті-диагностикалық медициналық көмек;
4. Медициналық реабилитология;
5. Диагностика;
6. Лабораториялық диагностика;
7. Эксперттік медициналық қызмет.

Медициналық жәрдемді жоғары және бірінші санатты мамандар көрсетеді.
Қызмет көрсету мерзімі - 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Қызмет көрсету мекенжайы: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі 13 «А».
Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7262) 54-47-15.