Колоректальды қатерлі ісік - тоқ ішек және тік ішектің ауруы, бүгінде кең таралған сырқаттардың біріне айналды.
Колоректальды қатерлі ісіктің дамуына әсер ететін себептер мен факторлар:
Жасы. Организм қартайған сайын колоректальды қатерлі ісіктің даму ықтималдығы артады. Колоректальды қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың 90%-дан астамы 50 жастан асқан адамдар. Колоректальды қатерлі ісікпен ауыратын науқастардың орташа жасы-60 жас.
Колоректальды полиптердің болуы. Полиптер-бұл тоқішектің неме сетік ішектің ішкі қабырғаларында пайда болатын ісіктер. Олар 50 жастан асқан адамдар арасында жиі кездеседі. Көптеген полиптер жақсы (канцерогендікемес), бірақ кейбір полиптер (аденомалар) қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Отбасылық анамнез және тұқым қуалаушылық. Колоректальды қатерлі ісіктің даму қаупі отбасы мүшелері арасында аурудың болуымен артады.
Колоректальды қатерлі ісіктің жеке тарихы. Бұрын колоректальды қатерлі ісікке шалдыққан адам аурудың екінші рет пайда болуына бейім.
Ойықжаралы колит немесе Крон ауруы. Тоқ ішектің қабынуын тудыратын аурудың болуы (мысалы, ойықжаралы колит немесе Крон ауруы) көптеген жылдар бойы колоректальды қатерлі ісік ауруының қаупін арттырады.
Дұрыс тамақтанбау. Зерттеу нәтижелері майдың көп мөлшері (әсіресе жануарлардан шыққан) және кальций, фосфат жәнеталшықтың аз мөлшері колоректальды қатерлі ісік ауруының пайда болуына ықпал ететіндігін көрсетеді.
Темекі шегі. Темекі шегетін адамдарда полиптер мен колоректальды қатерлі ісік ауруының даму қаупі жоғары.
Алкогольді ішімдіктерді қолдану. Таза этил спиртін (алкогольді ішімдіктер құрамында) күніне 45 г-нан астам мөлшерде тұтыну тоқ ішек қатерліісігінің даму қаупінің 45%-ға және тік ішек қатерлі ісігінің 49%-ғаартуынаәкеледі.
Дәрумендер мен минералдардың тапшылығы. Ғылымидәлелдер D дәрумені мен кальцийді үнемі тұтыну колоректальды қатерлі ісік ауруының қаупін азайтуға көмектеседі деп болжайды.
Физикалық белсенділіктің болмауы және семіздік. Семіздіктің колоректальды қатерлі ісіктің дамуына әсер ету механизмі толық анықталмаған, бұл гиперинсулинемиядан тұрады. Керісінше, физикалық белсенді адамдарда колоректальды қатерлі ісік ауруының қаупі 20-30% төмендейді.