Қант диабеті (ҚД) –абсолютті немесе салыстырмалы инсулин
тапшылығына негізделген созылмалы гипергликемиямен сипатталатын
мирас немесе жүре пайда болған аурулар мен патологиялық күйлердің
гетерогенді тобы.
Қант
диабеті түрлері
Инсулинге тәуелді
(Ітип,жасөспірімдік)
Инсулинге тәуелсіз
(ІІтип,ересек)
1 типті қант диабеттің клиникасы
Бастапқы мерзімдегі көріністері инсулин
тапшылығына қатысты;
1 Айқын шөлдеу (полидипсия)
2 Полиурия
3 Арықтау
4 Тамақ құрғауы
5 Шаршау
6 Тәбеттің жоғарылауы
Қарағанда көңіл аударатын жайлар.
1 Айқын салмақ кемістігі
2 Тері,ерін,тіл құрғақтығы
3 Тері тургорының аса төмендеген
4 Балаларда алақан мен табанның өзгеше сарғыштығы
5 Капиллялар кеңеюі
6 Беттің қызаруы
7 Жараның ұзақ жазылмауы
8 Пиодермиялар
9 Пародонтоз
10 Терінің саңырауқұлақтық қабынуы тән.
Емі
Инсулин препараттарын қолдану,диета сақтау,және физикалық күш
түспеуін қадағалау.Стол №9 диета тағайындалады:
кәмпит,қант,бидай ұны,құрма алынып тасталады. Беруге
болмайды:қара нан,қарақұмық,арпа,сұлы,картоп,капуста,сәбіз,қызылша.
Майлар,әсіресе жануар майлары. Күніне 6 рет тамақтандыру
қажет: үшеуі негізгі тамақ (таңертеңгілік,түскі,кешкі ас
әрқайсысы 25% күндік калориядан) және үш рет қосымша
тамақтандыру. Тамақтану уақыты мен тамақ мөлшері үнемі
тұрақты болуы керек.Науқастарға диетотерапия
принциптерін,күндік калорияны,тамақтануды реттеу және
жоспарлауды үйрету қажет. Негізгі ем – инсулинмен емдеу.
Инсулин дозасы аурудың ағымына,ауырлығына байланысты.
Орташа күндік қажеттілігі 0,25 – 0,5 – 1Б/кг дене салмағына.
Күніне зәрмен бөлінген қантты анықтап, 4 – 5гр қантқа – 1Б
инсулин тағайындайды. Инсулиннің дозасы дәл болу үшін
арнайы инсулин шприцтері болады. Инсулин теріастына
салынады. Инсулин салатын жерлерді ауыстырып тұру қажет.