Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит Созылмалы панкреатит- ұйқы безінің қабынуы. Қабыну кезінде ұйқы безі жасушаларының құрылымы өзгереді. Ауруды өршітуші факторларды жойғаннан кейін де ұйқы безіндегі патология сақталады, тіпті асқынуы да жалғасады. Мұндайда бұл органның экзогендік және эндогендік жетіспеушілігі пайда болады. Созылмалы панкреатиттің пайда болуына қарай екі кезеңге бөледі. Бастапқы кезең. Бұл кезеңде ауру жылдар бойы созылуы мүмкін және өзіне тән сипмтомдары бірде мазалап, бірде жоғалады. Кейінгі кезең. Ұйқы безіндегі зақымдану айқын сипатқа ие және симптомдары науқасты үздіксіз мазалайды. Аурудың бастапқы кезеңінде ауру он жылдап созылады және бұл кезеңде науқасты астан кейін пайда болатын ауырсыну кей-кейде мазалайды. Ауырсыну бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке ұласуы мүмкін. Ауырсыну асқазанның үстіңгі бөлігінде, жүрек тұсының астында, бел тұсының сол жағында пайда болады, сонымен қатар, құрсаулап ауыруы да мүмкін. Науқас отырғанда немесе алға қарай еңкейгенде ауырсынудың қарқыны төмендейді. Сипатты (ауруға тән) ауырсынудың өршуіне майлы және қуырылған тамақ, алкоголь, газдалған сусындар, және де шоколад, кофе әсер етеді. Аралас тамақтарды пайдаланған адамның халі тіпті нашарлайды. Өйткені, ұйқы безіне әртүрлі ақуыздар, майлар мен көмірсуларды қорыту қиынға түседі. Ауырсыну кезінде диспепсиялық бұзызулар болуы мүмкін. Құсу, жүрек айну, созылмалы диарея, іштің кебуі, азу сияқты симптомдар мазалайды. Алайда бұл симптомдар сипмтоматикалық терапиядан кейін жойылады, бірақ келесі тойып тамақтанудан соң симптомдар қайта мазалайды. Ұзаққа созылған созылмалы панкреатитте ұйқы безі ұлпаларының құрылымы бұзылып, ферменттер мен гормондардың бөлінуі азаяды. Біртіндеп секрециялық жетіспеушілік пайда болады. Мұндайда ауырсыну синдромы болмауы мүмкін, немесе әлсін сезілуі мүмкін. Керісінше, секрециялық жетіспеушілік кезінде диспепсиялық синдром басыңқы болады. Созылмалы панкреатитте науқастың терісі мен көзінің ағы сарғаюы мүмкін. Бұл барлық науқастарда бола бермейді. Панкреатиттің соңғы кезеңдерінде, ұйқы безі атрофияға ұшырағанда, науқаста қант диабеті пайда болады. Аурудың әртүрлі симптоматикасына байланысты панкреатиттің бірнеше түрін жіктейді: Диспепсиялық. Аурудың бұл түрінде науқастты созылмалы диарея, іштің кебуі, дене салмағының азаюы мазалайды. Симптомсыз түрі. Бұл түрінде жылдар бойы науқасты ешқандай ауруға тән симптом мазаламайды. Сол себепті, науқас ағзадағы өзгерістен бейхабар болады. Жалғанісікті түрі. Симптомдары ұйқы безі ісігінің симптомдарына ұқсас келеді. Негізгі белгісі – науқастың терісі және көзінің ағы сарғаяды. Ауырсынатын түрі.Тамақтану және алкогольдан кейін ауырсыну синдромы мазалайды. Диагностика Өткір және созылмалы панкреатитте диагностиканы гастроэнтеролог жасайды. Диагнозды қою үшін келесі медициналық тексерулер жүргізіледі: Лабораториялық диагностика. Қан талдауы, нәжіс талдауы Ұйқы безінің стимуляциясын арнайы препараттармен тексеретін тесті УДЗ арқылы анықтау Компьютерлік томография Қант диабетін анықтайтын талдау. Емдеу Өткір және созылмалы пакреатиттің емі бір. Стационарда, дәрігердің бақылауында емдеу көрсетіледі. Профилактика Диета ұстау. Майлы және қуырылған тамақтардан бас тарту. Газдалған сусындарды, кофені ішпеу. Зиянды әдеттерден аулақ болу.
https://gp5-taraz.kz/about/allnews/1048-sozylmaly-pankreatit#sigProId4614877cf3