Мен Тараз қаласының тұрғыны, осы №5 қалалық емхананың күндізгі бөліміне келіп тұрамын. Жүрек-қан қысымым жоғары болуына байланысты ем-дом қабылдаймын. Осы бөлімдегі дәрегерлердің білікті, білімді болғанына шын жүректен үлкен алғыс айтамын. Атап айтқанда дәрігер Мади Абилсеитович; аға мейіргер Римма Дастановна; мейіргерлер: Думшебаева Раушан, Отыншиева Марал, Артықбай Дина, Мусабекова Айдана есімді қыздарға мың алғыс. Сіздерге зор денсаулық, еңбекке жеміс, отбасына береке, бақыт тілеймін. Күндізгі бөлім әрқашанда таза, жайлы, төсек орын таза, кіршіксіз Сіздермен жақсы күндерде кездесейік. Шын жүректен емделуші Джамалова Б.С.
https://gp5-taraz.kz/about/allnews/1182-algys-khat#sigProIda699bc3d28