Настройки отображения

Размер шрифта:
Цвета сайта
Изображения

Параметры

Артериялық гипертензия (гипертония, АГ) деп — артериялық қан қысымы 140 мм.сынақ бағаннан жоғары болатын жағдайды айтады.  Дәрігерлер қан қысымыңызды басыңыз ауырып не мазаңыз кетпей тұрғанда кем дегенде үш рет, әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшеуге кеңес береді. Артериялық гипертензияның екі түрі болады: біріншілік эссенциалды және екіншілік симптоматикалық.
Артериялық қан қысымы дәрежелерінің классификациясы (алдын алу, диагностика, емі бойынша нұсқаулар, 2002)
Артериялық қысымСистолалық
АҚ. (мм.с.б)
Диастолалық
АҚ (мм.с.б.б(
Қалыпты<130<85Жоғарғы қалыпты130-13985-89Гипертензияның I дәрежесі (жеңіл)140-15990-99Гипертензияның II дәрежесі (шамалы)160-179100-109Гипертензияның III дәрежесі (ауыр)≥180≥110
 
Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары
Басқарылмайтын факторлар:

Адам жасы;

Тұқымқуалаушылық;

Қоршаған орта;

Басқарылатын факторлар:

Гиподинамия

Психоәлеуметтік факторлар

Семіздік

Шылым шегу

Ас тұзы

Тамақтану

Алкоголь

Майлар

Артериялық гипертензия диагностикасы

Артериялық қан қысымы дәрежесі және тұрақтылығын анықтау

Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қауіп факторларын анықтау

Нысана ағзалардың зақымдануын диагностикалау

Қосымша клиникалық жағдайларды анықтау

Қауіп тобын анықтау

Симптоматикалық АГ жоққа шығару не оның түрін анықтау

АҚ дәрежесі және тұрақтылығын анықтау

Алғаш қарағанда қан қысымы екі қолда және аяқта өлшенуі керек

АҚ науқас 5-10мин демалғаннан кейін өлшенуі керек

Арасы 30сек үш рет қайталап өлшеу керек, себебі қайта өлшегенде АҚ төмен болады. Бір рет қана өлшенген АҚ 20-30% жағдайда гипердиагностикаға, 30% жағдайда АГ анықталмауына әкеледі