Бала құрсаққа біткеннен күннен бастап ата-ана сәбидің денсаулығы мен болашағына жауапты. Бала дүниеге келгеннен күннен бастап, анасы нәресте күтімін дұрыс жасауға дайын болуы тиіс. Сәби күтімі туралы көп білу аздық етеді, оны сауатты атқара алу өте маңызды. Апта сайын жасалатын күтімді айтпағанда, бала қырқынан шыққанша күнде-күнде және алмакезек жасалатын әрекеттер бар.
Бет жуу
Күнде таңертең баланың бетін жууды ұмытпаңыз. Суды жылытпалап, арнайы дәкемен сүртуге де болады.
Көз күтімі
Сәбидің көзін тазалау үшін қайнатылған жылы су пайдаланған абзал. Бір ерекшелікті ескерген дұрыс, баланың көзін сүртуге екі бөлек дәке пайдаланыңыз. Егер көзінің айналасы қатты былшықтанып, жабысқан жағдайда фурацилинді суға езіп, көздің айналасын сүрткен өте пайдалы.
https://gp5-taraz.kz/about/allnews/1507-zha-a-tu-an-n-reste-k-timi?template=SSMP#sigProIdca74907c2f