Бүгін Тараз қаласының «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК базасында Қарағанды облысының өкілдерімен кездесу өтті.

 

Бүгін Тараз қаласының «№5 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК базасында Қарағанды облысының өкілдерімен кездесу өтті.

 

Кездесу барысында емхананың бас дәрігері Динара Амангелдіқызы Сарсенова «Үздік тәжірибелер орталығының» жұмысы туралы айтып берді, одан әрі бас дәрігердің орынбасарлары Перизат Құттыбайқызы Маханова мен Назгүл Жұмағалиқызы Мурзакасымова Қарағанды облысының өкілдеріне үздік тәжірибелер орталығының жұмысы мен жаңалықтарын кәсіпорынды аралатып көрсетті.

 

«Ақпараттандырылған қоғамдық мониторинг және кері байланыс тетігі» пилоттық жобасын іске асырудың алғашқы қадамдары туралы хабардар етілді, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалармен, медбикелерді дербес қабылдау негіздерін, патронаждың әмбебап прогрессивті моделін, әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың, денсаулық мектебінің теориялық және практикалық жұмысын енгізумен танысты.