7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне

Дәстүр бойынша сәуір айының бірінші аптасында, дәлірек айтсақ, 2024 жылдың 5 сәуір күні 5 қалалық емханада қызметкерлер арасында белсенді және салауатты өмір салтын ұстануға арналған «7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күніне» арналған шағын спорттық жарыс өтті. Емхана қызметкерлері бұл күнді спорттық жарыстарға қатысып, көңіл көтеріп, таза ауа жұту үшін асыға күтеді.

Биылғы жылы кейбір бөлімдер «Біз салауатты өмір салты үшін» атты спорттық шараларға қатысты. Шараға қатысушылар қол күрес, арқан тартыс, кросс сияқты түрлі спорттық ойындарға қатысты. Жеңімпаздар анықталып, оларға дипломдар мен кәсіподақ атынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

1) 1 орын «Бәйге» командасы – сертификат 20 000 теңге

2) 2 орын «Денсаулық» командасы – сертификат 15 000 теңге

3) 3 орын «Қырандар» командасы – 10 000 теңге

Бұл күн барлығына қуат, жақсы көңіл-күй сыйлады және жарқын әсер қалдырды! Кез келген жұмысты істеу үшін ауырып қалмас үшін қайратты, көңілді, жігерлі болғымыз келетін шығар. Сондықтан, біздің емханадағы маңызды қадам – қызметкерлердің денсаулық – өміріміздің басты байлығы екенін түсінуі үшін Денсаулық күнін өткізу. Адам дені сау болса, ол жер бетіндегі ең бақытты адам.