2024 жылдың 31 мамыр күні №5 қалалық емханада «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай емхана қызметкерлерінің балалары мен жас пациенттері үшін арналған іс-шаралар өткізілді.
Емдік дене шынықтыру бөлмесінде 2 ОДО бөлімінің қызметкерлері мереке ұйымдастырды:
балалар тақпақ оқыды, ән айтты, би биледі, ойындар ойнады
Шара соңында барлық қатысушы кішкентай балаларға мерекеге қатысқандары үшін ынталандыру сыйлықтары берілді.