№5 Қалалық емханасы Әлеуметтік -Психологиялық алдын алу бөлімінің психологтары «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында іс-шара ұйымдастырды.

№5 Қалалық емханасы Әлеуметтік -Психологиялық алдын алу бөлімінің психологтары «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы аясында
іс-шара ұйымдастырды.
Тақырыбы: « Зорлық-зомбылықсыз әлем!» тренинг
Мақсаты: Медицина қызметкерлеріне зорлық -зомбылық туралы қысқаша ақпарат беру, адамның ең жаман қасиеттерінің бірі екенін түсіндіру. Медицина қызметкерлеріне адамның құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы мағлұмат беру, пікір алмасу.
Қатысушылар: Медицина қызметкерлері және емхана пациенттері.
Жоспарға сәйкес әлеуметтік -психологиялық алдын алу бөлімінің психологтары: «Зорлық - зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында емханаға келген науқастармен ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Бопсалау, жәбірленушіліктің алдын алуға арналған сауалнама толтырылып,зорлық- зомбылық нәтижесі анықтады.
Сауалнаманың нәтижесі бойынша: қатысушылардың басым көпшілігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны еместігі анықталды.
Нәтижеге сай зорлық -зомбылықтың психологиялық және физикалық түріне тап болған қатысушымен жеке психологиялық кеңес жүргізілді, «Бақыт үйі» сурет көрмесі ұйымдастырылып, емхана науқастарына арнайы дайындалған үстелде сурет салынып көрмеге ілініп, брошюралар таратылды.
Қортындылай келе,зорлық-зомбылық түрлерін анықтау, оның салдары мен алдын алу жолдары туралы белсенді ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Зорлық-зомбылық орын алмауы үшін, кейбір жағдайларда әйелдер айтуға ұялып, үндемей жүре беретін кездер де болатындығын айтып, бұндай кезде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету» орталығының «Сенім телефонына» 8(7262)54 80 18,8 707 463 06 23 анонимді түрде хабарласуға болатындығы және «Сенім телефонымен» жұмыс жасау ережелері түсіндіріліп, кез келген уақытта ұсыныстары мен шағымдарын айтуға болатындығы ескертілді.