«Жастар денсаулық орталығы»

2025 жылдың 20 ақпан күні №5 қалалық емхананың «Жастар денсаулық орталығы» дәрігерлері ТИКК жасөспірім қыздармен «АИТВ/ЖИТС тың алдын алу», «Суицидтың алдын алу», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Салауатты өмір салты» тақырыптарында кездесу өткізілді. Кездесуде АИТВ/ЖИТС орталығының маманы М.С.Бегманова, гинеколог дәрігер А.Б.Рустембекова, салауатты өмір салтын насихаттау бөлмесінің мейіргері Ж.К.Клиева өз білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті, психолог маманы А.Т.Жаркынбекова жасөспірім қыздар арасында психологиялық тренинг өткізді. Жасөспірім қыздар дәрігерлерден көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды.