N5 қалалық емхананың дәрігерлері Жеңіс күнімен құттықтады

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтау игі дәстүрге айналған. Мереке қарсаңында N5 қалалық емхананың дәрігерлері мен мейіргерлері келіп, ардагерлерді келе жатқан мереке – Жеңіс күнімен құттықтады. Жеңіс үшін ардагерлерге шынайы алғыстарын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, сыйлықтар табыс етті.