Омыраумен емізудің артықшылықтары Бала үшін: Ана мен бала арасындағы байланыс (анасымен тығыз байланыстағы балаға қорғаныш сезімін беріп, тыныштандырады; тамақтандыру кезіндегі баланың анасымен қарым-қатынасы баланың эмоционалды, әлеуметтік және физикалық дамуына көмегін тигізеді). Толыққанды тағамдық заттар, микроэлементтер, витаминдер, ферменттердің бала организмне түсуін қамтамасыз етеді. Асқазан-ішек жолдарының функциясын реттейді (диспепсиялық аурулар жиілігі мен ұзақтығын азайтады). Иммунологиялық қорғаныс пайда болады(омырау сүтімен тамақтанатын балалар 2,5 есе аз ауырады) Респираторлы инфекциялардан қорғайды, отиттер мен олардың рецидив жағдайлары азаяды. Аутоиммунды аурулар дамуының қаупін төмендетеді, мысалы ҚД 1 типі және асқорыту жолдарының қабынулық ауруларының жиілігін төмендетеді. Стереотип қалыптастырады: еңбек– тамақ. Ана үшін: Бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатыр жиырылуына көмектеседі, және де анасындағы гемоглобин қорын сақтайды. Омыраумен емізу дұрыс жүргізіліп отырса, жүктілік алдын алады, яғни 6 айға дейін (және де лактациялық аменорея ана организмін темір жоғалтудан сақтайды). Климакс алды кезеңде аналық без және омырау ісігі даму қаупін төмендетеді. Бала мен ана арасындағы психологиялық контактқа септігін тигізіп, аналық сезім дамытады. Отбасы үшін: Қаражат(сүт қоспасы, тағам дайындау мен оны жылытуға энергия, құтылар, емізік, дәрі т.б.) мен уақыт үнемдейді. Дені сау бала. Дені сау ана. Омыраумен тамақтандыруда дұрыс орналасуының негізгі белгілері: 4*3*4 ережесі бойынша 4.1) Сәбидің басы мен денесін тік бір жазықта ұстаңыз. 2) Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болу керек. 3) сәбидің денесі анасының денесіне түйісілуі керек. 4) Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады 3.1) Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізініз. 2) Сәбидің аузы барынша ашқанын күтіңіз . 3) Емшекті тез сәбидің аузына апарыныз 4.1) Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады. 2) сәбидің аузы барынша ашық . 3) Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады. 4) Емшектің басым бөлігі астынан емес , үстіне көрініп тұру керек. Емізу тәртібі : баланы бекітілген күн тәртібісіз , жиі емізу керек . 24 Сағат аралығында 8-12 реттен кем болмауы тиіс . Емізу аралығында басқа сусындар бермеу . Бала ұзақ жақсы еміп , сүт безін толық босататын болса , екінші емшекті берген дұрыс . Келесі емізгенде сол екінші емшектен емізу керек. Қалыпты жағдайда бала өзінің су қорымен дүниеге келеді. Ол баланы анасында сүт пайда болғанға дейін сусызданудан қорғайды. Балаға қосымша су немесе глюкоза қосылған су қажет емес.Балаға ыстық ауа райында да қосымша су қажет емес. Түнде бала қанша рет сұраса, сонша омыраумен тамақтандыру керек. Түнгі тамақтандыру балаға омырау емуге қосымша уақыт береді, әсіресе анасы күндіз болмаса. Түнгі тамақтандыру бала босануды жоспарлау үшін маңызды
https://gp5-taraz.kz/about/allnews/633-omyraumen-emizudi-arty-shyly-tary?template=SSMP#sigProId7465d18204