Жедел ішек инфекциялары – бұл бактериялар, вирустар тудыратын және балалар мен ересек адамдарда ішек қызметінің бұзылуымен (диарея) сипатталатын жұқпалы ауру. Жұқпалы жедел ішек ауруларының бас көтеретін мезгілі қазіргідей жаз айлары болып есептеледі. Бұл ішектің ауруға шалдығуынан, кейде іштің бұзылуы, организмнің кейбір тағамдарды қорыта алмауымен байланысты.
Инфекция ауыз арқылы жұғып, қоздырғышы ішекте өсіп жетіледі де, микробтары нәжіспен сыртқы ортаға түсіп, тарайды.
Инфекция гигиеналық тазалықтың төмен дәрежеде болуынан, азық-түліктерден, яғни жуылмаған көкөністер, пісірілмеген сүт, сапасыз шала пісірілген тағамдарды қолдану, сондай-ақ, ауыз суды қайнатпай ішу, лас суға түскен кезде жұғуы мүмкін. Жаз айларында инфекцияны көп жағдайда шыбындар таратады.
Аурудың алғашқы белгілері:
Іштің жиі су сияқты өтуі, дене қызуының көтерілуі, емшектен бас тарту, асқа тәбеті болмау, шөлдеу, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік, селқостық, мазасыздық, ауырсыну, дәретінде қан қоспасының немесе кілегейдің пайда болуы. Науқаста қайталамалы құсып, іш өткен сайын баланың жағдайы ауырлай түседі. Өйткені, организм өз тіршілігіне қажетті су мен тұздарды көп жоғалтады. Жоғарыдағы аталған клиникалық белгілер пайда бола бастағаннан дәрігерге көріну керек.
Дәрігер келгенше мүмкіндігінше ем жасай бастаған жөн. Ол үшін сұйықтықты мол, көбірек ішкен дұрыс. Өздігінше емделу аурудың асқынуына әкеліп соғуы немесе созылмалы формаларына ұласуы мүмкін. Антибиотик қабылдау сырқаттың клиникалық сипатын өзгертеді, мұның өзі дұрыс диагноз қоюды қиындатады.
Емі:
Жоғалған сұйықтықтың орнын толтыру үшін емшек сүті, айран, сорпа, күріш суы, сұйық шай, кисель, қайнатылған және салқындатылған су, ауыз арқылы ішетін тұзды-минералды су ерітіндісі қолданылады. Рационнан ішекте ашитын немесе асқазан-ішек жолын тітіркендіретін азықтар (сүт, кепкен, қуырылған тағамдар, майлы, ащы тағамдар) шығарылып тасталады.
Оральды-регидратациялы ерітінді (регидрон) қолданған жөн. 1 пакет регидрон ұнтағын қайнатылып, бөлме температурасында суытылған 1 литр суға дайындайды. Дайын ерітіндіні балаға әрбір 3-5 минут сайын 1 шай қасықпен беру керек.
Егер құспаса, аз-аздан жиі ішкізуге болады. Ерітінді әрбір күнге жаңадан дайындалып беріледі.
Алдын алу шаралары:
Ішек инфекциялары – кір қолдың ауруы. Оның алдын алу үшін:
— жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды су астында жақсылап жуғаннан кейін пайдаланыңыз;
— өнімдердің жақсылап қуырылып, қайнатылуына көңіл бөліңіз;
— жұмыртқаны шикі немесе шала қайнатылған күйінде қолданбаңыз;
— дайын тамақты пайдалану кезінде оның исіне, дәміне мұқият мән беріп, тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз;
— арнайы көрсетілген жерлерде шомылыңыз;
— суды тұтынар алдында міндетті түрде қайнатыңыз немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;
— балаларды әрбір тамақтандырар және тамағын дайындар алдында қолды жақсылап сабындап жуу керек, оның әрбір затын, ойыншықтарын, бөтелкесі мен емізіктерін таза жағдайда ұстаңыз;
— ішек инфекцияларының алдын алу үшін жеке бас тазалығын қатаң сақтаңыз;
Кей жағдайларда ауру өте ауыр түрде өтіп, өмірге қауіп тудыруы мүмкін. Сол себепті, өткір ішек жұқпаларының жоғарыда көрсетілген белгілерінің бірі Сізде немесе жанұя мүшелеріңізде байқалса, тез арада дәрігерлік көмекке жүгінгеніңіз дұрыс
Алдын алу шаралары
Жіті ішек инфекциялары және оның алдын алу шаралары
Жіті ішекинфекциялары (ЖІИ) адамның ағзасына ауыз арқылы келіп түсетін, әртүрлі бактериялар есебінен орын алатын жіті ішек инфекцияларының аурулар тобы. Олар дәреттің бұзылуымен қоса, асқазан-ішек жолдарының зақымдалуына әкеп соғады.
ЖІИ негізгі қоздырғыштары Enterobacteriaceae тобының өкілдері болып табылады, сонымен қатар басқа да микроорганизмдер, соның ішінде вирустық. ЖІИ этиологиясындағы криптоспоридияға үлкен мән береді. Ол асқазан-ішек жолдарының зақымдалуымен сипатталады. Көптеген жағдайларда диарея және ағзаның улануына әкеледі. Кейде патогендік және шартты патогендік қоздырғыштардың бөлінуімен – бактерияның (вирус иеленушілік) ілесуімен ауру ағыны симптомсыз жүреді. ЖІИ вирустық этиологиясында ішектің зақымдануымен қатар жоғары тыныс жолдары: ауыз вирусы инфекцияларында - таңдай, доғашық, тілшік, ал аденовирустық инфекциялары кезінде - трахеобронхит тарапынан өзгерістер байқалады.
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу кездейсоқ және топтық аурулардың тууы кезінде сырқаттанушылық деңгейіне тәуелсіз тұрақты түрде жүргізілетін жалпы санитарлық және медициналық іс-шаралардан тұрады. Алдын алу шаралары кешенінде инфекцияның таралу жолдарын бөгеуге бағытталған санитарлық-гигиеналық шаралар негізгі болып табылады. Ішек инфекцияларының алдын алу ісінде медициналық шаралар жалпы санитарлық шаралардың ажырамас бөлігі болып табылады, олардың мақсаттылығы мен тиімділігін анықтайды. Науқас адамдар әрқашан медициналық көмекке жүгінбейді; жиі туыстарының, таныстарының кеңесі бойынша үй жағдайында «емделеді». Бұл жағдай науқастарды уақтылы анықтауды қиындатады және инфекцияның таралуына ықпал етеді.
Жіті ішек инфекциялары ауруларының алдын алу үшін бірінші кезекте жеке бастың гигиена ережелерін сақтау қажет, әсіресе ыстық жаз айларында. Құдықтан, бөгеттен, өзендер мен басқа да су қоймаларынан қайнамаған суды ішуге болмайды. Алайда ашық және лас ыдыста сақталған қайнаған судың өзі де лас әрі зақымдану көзі болуы мүмкін.Жеміс-жидектер мен көкөністерді суық су ағынында немесе ыстық сумен мұқият жуу керек. Әсіресе, жылулық өңдеуден өтпейтін (нан, көкөністер, жемістер және т.б.) тағамдарға пайдаланылатын азық-түліктің тазалығын қадағалап отыру өте маңызды. Барлық тез бұзылатын азық-түліктерді, дайын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек, яғни 8С жоғары емес температурада – суық азық-түлікке түскен микробтардың көбеюін тежейді. Шыбындардың – инфекция таратушы екені баршаға мәлім. Сонда да олар елді мекендерде өте көп, әсіресе ауылдық жерлерде. Алайда осы насекомдармен күрес үлкен шығынды немесе күрделі жұмысты қажет етпейді. Қоқыс жинағыштар, дәретханалар және т.б. қоғамдық орындар қаншалықты лас болса, шыбындардың көбеюіне соншалықты жағдай жасалған деуге болады. Қорытынды өзінен-өзі шығады: тазалықты сақтау, азық-түлікті дұрыс сақтау және қалдықтарды уақтылы шығару қажет. Шыбындар үйге кірмеуі үшін терезелерге тор құру және дезинсекциялық құралдарды қолдану керек.
Қарапайым гигиена ережелерін сақтай отырып, жіті ішек инфекцияларымен зақымданудан және аурудан сақтануға болады.
ӨЗДЕРІҢІЗДІ ЖӘНЕ ӨЗ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ САҚТАҢЫЗДАР