Жатыр мойны обырының пайда болу себептері
темекі шегу;
бей-берекет төсек қатынасы;
иммундық жүйенің әлсіреуі;
бұрын болған немесе ағымдағы хламидий және жыныс жолымен берілетін басқа да инфекциялар;
артық салмақ;
үш немесе одан да көп мерзіміне жеткен жүктілік;
жүктілікке қарсы дәрі-дәрмекті ұзақ уақыт қабылдау;
17 жасқа дейін бала көтеру;
ерте басталған жыныстық қатынас;
әлеуметтік төмен статус;
онкологиялық ауруларға, соның ішінде жатыр мойынының обырына тұқымдық бейімділік.
Жатыр мойны обырының белгілері
"Менструалды кезеңнен тыс уақытта қан кету жатыр мойны обырының негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Сонымен қатар иісі жағымсыз ақшыл бөлініс, іштің төменгі жағының аурулары, салмақ жоғалту, шаршаңқылық және кейде зәрде қан пайда болуы да осы ауру белгілеріне жатады", - дейді дәрігер.
Мына белгілер туындаса, дереу дәрігерге қаралу керек:
қан кету;
зәр шығару кезіндегі ауырсыну;
менопаузадан кейін қан кету;
төсек қатынасы кезіндегі ауырсыну немесе қан кету;
кіші жамбастағы ауырсыну белгілері;
вагиналды жайсыздық.
Жатыр мойны обырының кезеңдері
Обырдың басқа түрлері секілді жатыр мойны обырының да төрт даму кезеңі бар:
Бірінші саты – ісік жатыр мойнында орналасқан, бірақ жатырға немесе жақын орналасқан лимфалық түйіндерге қарай таралуы мүмкін;
Екінші саты – обыр жатыр мойнынан тыс аумаққа, қынаптың жоғарғы жағына қарай өседі;
Үшінші саты – ісік төменгі қынап, жамбас қабырғаларын зақымдап, зәр шығару жолдарын бұғаттауы мүмкін;
Төртінші саты – обыр тік ішекке немесе қуыққа және алыс орналасқан органдарға жетеді.
Жатыр мойны обырын емдеу
Жатыр мойнының обырын емдеу әдісін дәрігер науқастың жағдайы және аурудың сатысын есепке ала отырып белгілейді. Негізінен жатыр мойнының обырына шалдыққандар хирургиялық, сәулелік терапия, химиотерапия сынды әдістермен емделеді.
https://gp5-taraz.kz/about/allnews/965-zhatyr-mojny-obyryny-pajda-bolu-sebepteri?template=SSMP#sigProId330d3907d7