Тұмаудың алдын алу шаралары:

Тұмаудың алдын алу шаралары:
-Тыныс жолдарын бетпердемен тұмшалау, яғни жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
-Вирустар қалуы мүмкін заттармен байланысқаннан кейін қолды жуу. Сондай-ақ лас қолмен мұрынды, көзді, ауызды ұстамау;
- Даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды сабынмен мұқият жуу және мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
- Адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- Ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
-Үй-жайларда жүйелі түрде ылғалды жуып-тазалау жұмыстарын жүргізу, жиі желдету;
-Құрамында С витамині бар өнімдерді (мүкжидек (клюква), итбүлдірген, шиповник, қарақат,лимон және т.б.) көбірек пайдаланып,сұйықтықты көп ішу;
-Сарымсақ және пияз қосылған тамақты көбірек пайдалану;
- Дәрігердің көрсетілімімен иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.
Аурудың негізгі алдын алу шараларының бірі – тұмауға қарсы вакцинациялау.Тұмаудың эпидемиялық маусымның алдында қыркүйек-қараша айларында адамдарды тұмауға қарсы егу ауруға шалдығуды, асқынуларды болдырмауды, ауыр түрлерін азайтатындығы дәлелденген жәйттар