Алдын-алу және әлеуметтік психологиялық көмек көрсету бөлімінің психологтары медицина қызметкерлері арасында «Эмоцияны басқару – кәсіби күйіп кетудің алдын алу» атты психологиялық тренинг жүргізді.
Мақсаты:
Медицина қызметкерлерінің эмоциялық тұрақтылығын арттыру, күйзелісті басқару, кәсіби жану синдромының алдын алу және командалық қарым-қатынасты жақсарту.
Тренинг барысында:
- «Менің эмоциям» жаттығуы жасалды.
- Стресске қарсы тыныс алу әдістері көрсетілді.
- «Сана ағымы» релаксациясы жүргізілді.
Қызметкерлер тренинг барысында белсенді атсалысып, өз пікірлерімен бөлісті.