Бесінші қалалық емханада Медицина күні қарсаңында кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері арасында ауқымды байқау ұйымдастырылып, өткізілді. Байқаудың негізгі шарты арнайы тақырыпқа сәйкес жоба құрып, оны тиімді тұрғыда ұсыну, яғни тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру, халықтың денсаулығын нығайту мақсатында, жаңа идеологиялық іс-әрекеттер мен заманауи шешімдерді көрсету. Байқаудың нәтижесі бойынша үш бөлімшенің жобалары үздік деп танылды. Күндізгі стационар дәрігері М.Малғараева "Инцидентті шешудің ең тиімді тәсілі"- тақырыбы бойынша жобаның ұтымды жолын паш етіп, жоғары марапатқа ие болды. Үшінші және төртінші отбасылық денсаулық орталығының дәрігерлері А.Сералиева мен А.Абдуллаев "Емхана пациент көзімен" атты тақырыбы бойынша ерекшеленіп, озықтар қатарына енді. Жалпы, 8 қатысушыда ынталандыру сыйлықпен және "Алғыс хатпен" наградталды.
https://gp5-taraz.kz/kz/about/allnews/612-meditsina-k-ni#sigProId56e2ea5928