Денсаулық мектебі – бұл халыққа және пациентке ықпал ететін топтық немесе жеке ұйымдастырылып ресімделіп өткізілетін әдіс. Тұрғындардың білім деңгейін көтеруге бағытталған амал. Сондай-ақ, халықты ақпараттандыру мен тәжірибелікке дағдыландыруға, аурудың дамуы мен қауіпі бойынша тәртіптік факторларды ескертуге, бастапқы профилактикалық іс-әрекеттер мен дерттің дамуы мен пайда болу жағдайларының алдын алуға, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған топтық консультациялық және профилактикалық медициналық қызмет түрлері, яғни пациенттердің денсаулығын сақтау барысындағы бастапқы қадам.
Денсаулық мектептерін ұйымдастырудың негізгі мақсаты – ол халықты салауатты өмір салтының дағдыларына қалыптастыру, пациенттердің мақсатты іс-әрекеттерінің қабілеттілігін арттыру және профилактикалық насихат жұмысын толыққанды жүргізу.
№ 5 қалалық емханада 10 денсаулық мектебі жұмыс жасайды:
№ | Денсаулық мектептерінің атауы | Денсаулық мектеп бөлмесі № | Жұмыс кестесі | Жауапты дәрігер, мейіргер |
1 | «Тәртіптік факторлар қауіпі» мектебі | 125 бөлме | 09.00-18.00 | Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М.Орынбекова, мейіргер С. Ильясова |
2 | «Артериялық гипертония және ишемиялық жүрек ауруы» мектебі | 125 бөлме | Дүйсенбі 09.00-18.00 | IV-отбасылық денсаулық орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері Б. Тулегенова, мейіргер С.Ильясова |
3 | «Жіті инсульт» мектебі | 125 бөлме | Сәрсенбі 09.00-18.00 | Невропатолог дәрігері Н.Ахметова, мейіргер С. Ильясова |
4 | «Қант диабеті» мектебі | 125 бөлме | Сейсенбі 09.00-18.00 | Эндокринолог дәрігері Э. Кумекова, мейіргер С. Ильясова |
5 | «Өкпенің обструкциялы созылмалы ауруы» мектебі | 125 бөлме | Бейсенбі 09.00-18.00 | IІ-отбасылық денсаулық орталығының жалпы тәжірибелік дәрігері А. Тойлыбаева, мейіргер С.Ильясова |
6 | «Егде адамдар» мектебі | 125 бөлме | Жұма 09.00-18.00 | Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі М.Орынбекова, мейіргер С. Ильясова |
7 | «Салауатты сәби бөлмесі» мектебі | 228 бөлме | 09.00-18.00 | Педиатр дәрігері М. Шабан, мейіргер М. Сүйегенова |
8 | «Отбасын жоспарлау» мектебі | 410 бөлме | 09.00-18.00 | Акушер-гинеколог А. Рустембекова, акушер А. Касымова |
9 | «Туберкулездің алдын алу» мектебі | DOTS бөлме | 09.00-18.00 | Фтизиатр дәрігері Д. Нурбаева, мейіргер А. Куанышова |
10 | «Онкологияның алдын алу» мектебі | 304 бөлме | Сейсенбі, бейсенбі 09.00-18.00 | Онколог дәрігері К. Карымсакова, мейіргер Б. Усибалиева |
№ 5 қалалық емханада Денсаулық мектептерінің жұмыс кестесі төмендегі бұйрықтарға сәйкес құрылған: ҚР ДСМ м.а. 05.03.2012ж. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарда, тәртіптік факторлар қауіпі бойынша Денсаулық мектептерінің іс-әрекеттері және ұйымдастырылуы жөніндегі Ережелерін бекіту туралы» №146 бұйрығы.
ҚР ДСМ м.а. 17.02.2012 ж. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін, денсаулық сақтау ұйымдарында профилактикалық қызметті жетілдіру туралы» № 89 бұйрығы.